Күндерек
Күндерек - Елімізде мал ұрлығы 30,5 пайызға азайды – ІІМ
03.02.2025
Бұл мәселеде:
Жыл басынан бері ел аумағында 69 мал ұрлығы фактісі тіркелді.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлім етті, деп жазады kazinform.
– 2024 жылы елімізде 1 026 мал ұрлығы болды. Бұл – былтыр тіркелген жалпы ұрлықтың 3%-ы. Малдың жартысынан көбін жайылымда ұрлаған (1 026-дан 752-сі). Сонымен қатар полиция 89 қылмыстық топты құрықтады, оның ішінде 572 адам мал ұрлаған. Сол сияқты 4,5 мыңнан астам ұрланған мал иесіне қайтарылды. Осылайша өткен жылы мал ұрлығының саны 30,5%-ға төмендеді, - деді Шыңғыс Әлекешев ведомствода өткен онлайн баспасөз мәслихатында.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде кейінгі 5 жылда мал ұрлығы 64%-ға азайды.
– Жыл басынан бері, яғни қаңтарда ел аумағында 69 мал ұрлау фактісі тіркеліп, 53 күдікті ұсталды. Сонымен қатар 10 қылмыстық топ әшкереленді және 450 ұрланған малдың 134-і иелеріне қайтарылды, - дейді ол.
Осы орайда Ішкі істер министрлігі мал ұрлығынан сақтану ережелерін ұсынады:
- малды қараусыз қалдырмаңыз;
- GPS-трекерлерін орнату арқылы бақылаудың заманауи әдістерін қолдаңыз;
- малға ен салып, таңбалауды және чиптеуді ұмытпаңыз.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
МВД: В Казахстане снизилось количество фактов скотокрадства
Об этом сообщил на онлайн-брифинге ведомства официальный представитель МВД Шынгыс Алекешев, передает Polisia.kz. В 2024 году ...
Дело Алмаса Кишкенбаева поступило в суд: что ему грозит
Дело в отношении популярного певца Алмаса Кишкенбаева будет рассмотрено в специализированном межрайонном суде по административным ...
Население Казахстана превысило 20 миллионов человек
По данным на 1 января 2025 года, в стране проживают 20 286 084 человека, сообщает ...
Қазақстанда доллар бағамы көтерілді
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 3 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық ...
Многолетнее домашнее насилие: экс-супруга депутата маслихата Атырау обратилась к президенту
2 февраля в Facebook было опубликовано письмо жительницы Атырау, матери четверых несовершеннолетних детей Нуржамал Тажигалиевой. Письмо ...
Елімізде мал ұрлығы жазасы қатаңдатылды
Енді мал ұрлығы қайталанған жағдайда ауыр қылмыс саналады, деп жазады kazinform. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ...
О введении ограничения движения в Жамбылской области сообщает «КазАвтоЖол»
Ограничения водятся из-за непогоды. 3 февраля в 20:00, в связи с ухудшением погодных условий, на участке ...
Драка между гостями и сотрудниками произошла на Шымбулаке
Видео распространилось в социальных сетях. Как стало известно Tengrinews.kz, инцидент произошел вечером 1 февраля. По данным ...
Елімізде мал ұрлығы 30,5 пайызға азайды – ІІМ
Жыл басынан бері ел аумағында 69 мал ұрлығы фактісі тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми ...