Күндерек
Күндерек - Алматы әуежайы ауыр халде келген жолаушыға неге жедел жәрдем қызметін жібермеді
03.02.2025
Бұл мәселеде:
Алматы халықаралық әуежайы Делиден ауыр халде келген жолаушыға қатысты түсініктеме берді, деп жазады kazinform.
12 қаңтар күні Делиден Алматыға ұшып келген жолаушыға зембіл мен медициналық көмек қажет болды. Оны әуежай қызметкерлері қажетті құрал-жабдықтармен күтіп тұрған. Алайда алдын ала рұқсатсыз қаладан жедел жәрдем көлігі жеткен.
Азаматтық авиациядағы жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес, жедел жәрдем перронға жіберілмеді.
– Халықаралық хаттамаларға сәйкес, егер жолаушының медициналық проблемалары болса, әуе компания арнайы кодтармен хабарлау арқылы осындай жолаушы бортта бар екендігі туралы әуежайға хабарлайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, бұл жолаушылардың бірнеше санаты бар. Әуе компаниядан STCR коды жіберілді (жолаушыға зембіл қажет). Алматы халықаралық әуежайы тарапынан жолаушы бортының ұшуы бойынша STCR арнайы техникасы бар команда күтіп тұрды, – деп хабарлады әуежайдан.
Әуежай қызметкерлеріне медициналық бригадасы бар бөгде реанимобильдің қаладан әуежай аумағына келу қажеттілігі туралы алдын ала хабарланған жоқ. Реаномобиль сол уақытта және әуежай қызметтерінің келісімінсіз келді.
– Бөгде көлікті перронға жіберу үшін белгілі бір келісу рәсімдері бар. Ол үшін рейсте келе жатқан жолаушы туралы ақпарат, оның диагнозы және басқа да маңызды мәліметтер рейстен кемінде 24 сағат бұрын немесе әуе кемесі қонғанға дейін 2 сағат бұрын ұсынылуы керек. Бұл ақпарат ұсынылған жоқ, – делінген хабарламада.
STCR командасының қызметкерлері жолаушының жағдайын көріп, әуежайдың медициналық қызметі мен жедел жәрдем көлігін шақырды.
Жолаушыны алып жүрушілер әуежайдың жедел жәрдем көлігімен барудан бас тартты, соның салдарынан жолаушы шекаралық бақылау аймағына жеткізілді. Жолаушы шекаралық және кедендік бақылаудан әуежай қызметінің сүйемелдеуімен кезексіз, қозғалуы шектеулі жолаушы ретінде өтті.
– Бақылаудан өткен сәтте жолаушылар арасында жағдайы ауыр және ерекше медициналық қажеттіліктері бар баланың болуы туралы ақпарат әуежайда болған жоқ. Әуежай қызметкерлері белгіленген процедуралар мен ережелерге сәйкес қатаң түрде әрекет етті. Алматы халықаралық әуежайы баланың тез сауығып кетуіне тілектес. Біз жолаушылар үшін, әсіресе ерекше қолдауды қажет ететіндер үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын түсінеміз. Әуежайда қозғалуы шектеулі жолаушыларға, соның ішінде сырқаттары ауыр жолаушыларға арналған сүйемелдеу қызметі жұмыс істейді. Бұл қызметті алу үшін әуе компанияға немесе әуежайға алдын ала хабарлау қажет, – деп түсіндірді әуежайдан.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Алматының Түрксіб ауданында қоймадан өрт шықты
Алматыда өрт сөндірушілер қоймадан шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі. - Осы ...
На высоте 3500 метров спасатели МЧС пришли на помощь мужчине
Сегодня на пульт 112 поступило сообщение о том, что в горах Заилийского Алатау, в районе ...
Столичные огнеборцы ликвидировали пожар в жилом доме
Об этом сообщает МЧС РК. В районе «Сарыарка» Астаны, по ул. Алкатерек, загорелась кровля частного жилого дома. По ...
Геннадий Головкин поздравил команду по шорт-треку с «золотом» Азиатских игр в Харбине
Об этом сообщает Национальный олимпийский комитет Казахстана. «От имени Национального олимпийского комитета Казахстана и от себя ...
Казахстан впервые в истории завоевал «золото» Азиатских игр в шорт-треке
Мужская команда Казахстана по шорт-треку завоевала золотую медаль Азиады-2025 в Харбине (Китай). Первое «золото» стране на ...
Казахстан на Азиаде-2025 выступил в новом олимпийском виде спорта
На зимних Азиатских играх в Харбине завершились соревнования по ски-альпинизму в спринте. Нескольким представителям команды Казахстана ...
Аяна Жолдас завоевала «бронзу» по фристайл-акробатике на Азиатских играх в Китае
Об этом сообщает пресс-служба Национального олимпийского комитета. «Представительница команды Казахстана по фристайл-акробатике Аяна Жолдас заняла третье место на ...
Аяна Жолдас қысқы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Аяна Жолдас Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында қола жүлде ...
Қызылордада оқушы өліміне күдікті 17 жастағы жасөспірім ұсталды
Қызылорда облысында тоғызыншы сынып оқушысының өліміне алып келген ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен 17 ...