{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Алматы облысында әскери техниканы тасымалдау ережелерін бұзған жүргізушіге айыппұл салынды

Күндерек - Алматы облысында әскери техниканы тасымалдау ережелерін бұзған жүргізушіге айыппұл салынды

03.02.2025

Бұл мәселеде:

Қонаев қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша М. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

– Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың 15 қаңтарында сағат 13:25-те жүргізуші М. «КАМАЗ» жүк автокөлігімен әскери техниканы тасымалдаған. Алматы-Өскемен автожолының 56-шы шақырымында бұрылу кезінде көлік тралынан екі әскери техника түсіп кетіп, жолда аударылып, артынша «Ssang Yong Actyon» автокөлігімен соқтығысқан,– деп хабарлады Алматы облысының Қонаев қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі. 
Сот отырысында М. кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды өтінген.

Жәбірленуші, әскери полиция өкілі О. хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады, соттан оған заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.

Жиналған дәлелдер, оның ішінде жүргізушінің кінәсін мойындауы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және басқа да материалдар негізінде сот жүргізуші М.-ны ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп таныды.

Айыпталушыға 55 048 теңге айыппұл салынды.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде