Күндерек
Күндерек - Антикор басшысы Ұлыбритания Елшісімен кездесті
05.02.2025
Бұл мәселеде:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Личпен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалармен және Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылып жатқан Агенттік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.
Жүргізіліп жатқан жұмыс жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, қоғамның парасаттылығын дамытуға, бизнес пен азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға, заңсыз алынған активтерді қайтару тиімділігін және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмекті арттыруға, сондай-ақ елдің халықаралық имиджі мен инвестициялық тартымдылығын нығайтуға ықпал етеді.
А. Жұмағали британдық тараппен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жемқорлыққа қарсы озық стандарттарына қол жеткізуге бағытталған өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, Кэтрин Лич тәжірибе алмасу бойынша бірлескен жобалар шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру туралы уағдаласты.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Силовика задержали c наркотиками на севере Казахстана
В Петропавловске задержан сотрудник правоохранительных органов, подозреваемый в поставке наркотиков. В социальных сетях появилась информация, что ...
Недостатки в ходе строительства дороги были выявлены Антикором в Карагандинской области
Антикоррупционной службой и его территориальными подразделениями продолжается работа по устранению коррупционных рисков и обеспечению законности ...
Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелеріне қатысты заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және ...
Сотрудники МЧС пришли на помощь попавшим в снежный плен
На номер 112 поступила информация о том, что в 40 км от села Иргиз Актюбинской ...
Полиция Казахстана начала рейды относительно продажи алкоголя
На выходных в Костанае состоялся рейд по проверке соблюдения закона, запрещающего продажу алкоголя после 21:00, ...
Судью посадили на 7,5 лет за незаконное предложение в Шымкенте
В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Шымкента в отношении судьи и еще двух человек ...
На 6 млн тенге обманули акмолинцев лжесотрудники банков за один день
Жертвами интернет-мошенников стали четыре гражданина, проживающие в разных районах области, сообщает Polisia.kz. 6 и 7 февраля ...
Глава государства подписал закон по вопросам культуры, образования и наставничества
Об этом сообщает пресс-служба Акорды. «Главой государства подписан Закон Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений ...
ІІМ көлікті 5 минут қыздырғаны үшін жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді
ІІМ көлігін 5 минуттан артық қыздырған жүргізушілерге жаппай айыппұл салуды мақсат тұтып отырған жоқ. Бұл жайында ...