{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Грузиялық инвесторлар Қазақстанға $400 млн қаржы құйды – Бектенов

Күндерек - Грузиялық инвесторлар Қазақстанға $400 млн қаржы құйды – Бектенов

05.02.2025

Бұл мәселеде:

Қазақстан пен Грузия арасында инвестициялық әріптестік үрдісі артып келеді.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов айтты.

— Грузия — Қазақстанның маңызды экономикалық серіктесі. Осы орайда екі ел арасында инвестициялық әріптестік үрдісі артып келе жатқанын атап өту керек. Соңғы 20 жыл ішінде грузиялық инвесторлар Қазақстан экономикасына 400 млн доллардан астам қаржы құйды, өз кезегінде біздің елдің кәсіпкерлері бұл елге 620 млн доллардай инвестиция салды. Біз бұдан кейін де инвестициялық әріптестікті арттырамыз және елдегі бизнес-ахуалды жақсарта түспекпіз, - деді ол Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз барысында.

Сондай-ақ Үкімет басшысы өзара сауда-саттық көлемінің артуы екі ел арасындағы ықпалдастықтың маңызды аспектісі екенін атап өтті.

— Қазіргі әлемдегі ахуалға және тауар жеткізудің жаһандық тізбегінің түрленуіне қарамастан біз бірлесе отырып екі елдің сауда-саттық қарым-қатынасын арттырмақпыз. Біз Грузияға жеткізілетін тауарлар тізіміне жаңа шикізаттық емес тауар түрлерінің қосылып жатқанына қуаныштымыз, - деді Олжас Бектенов. 

Соңғы шығарылымдар

3 кг в одни руки: ограничения на продажу картофеля из стабфонда введены в Атырау

3 кг в одни руки: ограничения на продажу картофеля из стабфонда введены в Атырау

Эта мера направлена на предотвращение спекулятивных действий. Информацию Kazinform подтвердили в пресс-службе Социально-предпринимательской корпорации «Атырау». «В Атырауской области реализуется ...

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде