{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Алматы тұрғынына Америкадан пошта арқылы есірткі келді

Күндерек - Алматы тұрғынына Америкадан пошта арқылы есірткі келді

06.02.2025

Бұл мәселеде:

Алматыда полиция шетелден келген есірткі салынған сәлемдемені анықтады.

Алматы полициясы есірткі салынған қорапты мемлекеттік кірістер департаменті мен поштаның қауіпсіздік қызметі мамандарының көмегімен анықтады.

АҚШ-тан марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған пошта жөнелтілімі
30 жастағы жергілікті тұрғынға арналған.

— Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны анықталатын болады,— деп хабарлады полициядан.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.