Күндерек
Күндерек - Қостанайда бірнеше рет көлікті заңсыз айдап кеткен жас жігіт ұсталды
06.02.2025
Бұл мәселеде:
3 ақпаннан 4 ақпанға қараған түні Қостанай қаласында 18 жастағы жігіт патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аударды.
Ол ұрланған ВАЗ-2114 автокөлігімен жасырынуға тырысып, жол ережелерін өрескел бұзды. Дегенмен, полиция қызметкерлері қызметтік көлікке және ұрланған көлікке зиян келтірместен, оны тығырыққа тіреп, қолға түсірді. Ұстау барысында күдікті бірнеше рет қарсы жолаққа шығып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, маневр жасау ережелерін елемеді. Сондай-ақ жол белгілеріне мән бермей, басқа жүргізушілер үшін төтенше жағдай туғызды.
Тексеру барысында күдіктінің жүргізуші куәлігі жоқ екені және оның бұған дейін де көлікті заңсыз айдап кетудің екі дерегіне қатысы бар екені анықталды. Өткен жылдың қараша айында көлік иесі жылдамдықты асырғаны үшін өз атына бірнеше айыппұл келгенін байқаған.
Алайда иесі аулаға шыққан кезде көлігі орнында тұрған. Бірақ көлік салонында тамақ қалдықтары мен темекінің күлі болған, бұл бөтен адамның көлікті пайдаланғанына дәлел болды. Осы жайт бойынша жәбірленуші полицияға арыз жазған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Көлікті заңсыз иемденгені үшін ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сонымен қатар автокөлікті рұқсатсыз басқарғаны үшін сот күдіктіні 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Глава Минпросвещения заявил о нехватке знаний у казахстанских школьных учителей
Министр просвещения Гани Бейсембаев поручил кардинально пересмотреть программы курсов повышения квалификации педагогов в Казахстане, сообщает ...
Наркопосылку из-за рубежа перехватили полицейские в Алматы
Об этом сообщает Polisia.kz. Преступная бандероль выявлена усилиями сотрудников полиции, департамента государственных доходов и службы безопасности ...
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет ...
Из-за закрытых трасс новорожденного экстренно доставили в больницу вертолетом МЧС РК
В связи со сложными погодными условиями и ограничением движения транспорта на дорогах ВКО, а также ...
Повышение ставки НДС: сколько денег потребуется на индексацию пособий и пенсий
Заместитель премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин в кулуарах Сената 6 февраля 2025 года ...
Жаңа стандарт: Кейбір мектептерде оқу пәндері біріктірілуі мүмкін
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов 2026 жылы қолданысқа енетін жаңартылған білім ...
Глава государства провел переговоры с премьер-министром Грузии Ираклием Кобахидзе
Приветствуя Ираклия Кобахидзе, Касым-Жомарт Токаев поздравил его с переназначением на пост премьер-министра и пожелал дальнейших ...
Оқушылар 85 жастағы әженің өмірін сақтап қалды
Облыс әкімдігінің мәліметінше, оқыс оқиға Көкпектіде болған. Аудан орталығындағы мектептің «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары «Үлкенге құрмет» ...
Жесткие методы воспитания в детском саду попали на видео
В городе Шахтинске Карагандинской области воспитатель дергала детей за руки и швыряла их за непослушание. ...