Күндерек
Күндерек - Оқушылар 85 жастағы әженің өмірін сақтап қалды
06.02.2025
Бұл мәселеде:
Облыс әкімдігінің мәліметінше, оқыс оқиға Көкпектіде болған.
Аудан орталығындағы мектептің «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары «Үлкенге құрмет» акциясының аясында қариялардың аулаларын қардан тазартып, үй жұмысына көмектесіп жүр. Кезекті мәрте қолғабыс етуге шыққан Расул Бақтыбеков, Ертай Айыпқазы, Ерасыл Дәуітхан жалғызбасты Фелисада Арабеж әжейдің үйіне барады.
– Әжейдің үйіне офицер-тәрбиешіміз Талғат Тоқтарұлының жетекшілігімен бардық. Біз келгенде үйдің ішкі жарығы қосылып тұрды. Есікті қағып, қоңырау соғып едік, жауап болмады. Бұл бізге күмән туғызып, көршілерден әжейді соңғы рет қашан көргенін сұрадық. Олардан қарияны соңғы 2 күннен бері сыртқа шықпағанын ести сала шүғыл әрекет жасауға шешім қабылдадық, - дейді оқушылардың бірі Ертай Айыпқазы.
Көршілермен бірге терезені сындырып, ішке енген оқушылар әжейдің ес-түссіз жерде жатқанын көреді. Бірден жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер қажетті ем-домын жасаған. Осылайша, оқушылар мен олардың тәрбиешісінің қырағылығының арқасында бір адамның өмірі құтқарылды.
85 жастағы Фелисада Арабеж әжей қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Аудан әкімдігі «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары мен жетекшісіне алғыс білдіріп, олардың ерлігі мен адамгершілігін ерекше атап өтті.
Дереккөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Водителя, у которого за рулем случился инсульт, спасли полицейские в Акмолинской области
Об этом сообщает Polisia.kz. Во время патрулирования на трассе Степногорск – Заводской сотрудники взвода патрульной полиции ...
Житель Актау снял однокомнатную квартиру для бездомной кошки
Кошка Мария, она же Маня, которая раньше была бездомной и жила в подъезде одного из ...
Пересмотреть нормы питания в школьных столовых намерены в Казахстане
Вице-министр просвещения Едил Оспан сообщил об изменениях в школьном питании, сообщает Tengrinews.kz. «Мы пересмотрели нормы питания в ...
Глава Минпросвещения заявил о нехватке знаний у казахстанских школьных учителей
Министр просвещения Гани Бейсембаев поручил кардинально пересмотреть программы курсов повышения квалификации педагогов в Казахстане, сообщает ...
Наркопосылку из-за рубежа перехватили полицейские в Алматы
Об этом сообщает Polisia.kz. Преступная бандероль выявлена усилиями сотрудников полиции, департамента государственных доходов и службы безопасности ...
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет ...
Из-за закрытых трасс новорожденного экстренно доставили в больницу вертолетом МЧС РК
В связи со сложными погодными условиями и ограничением движения транспорта на дорогах ВКО, а также ...
Повышение ставки НДС: сколько денег потребуется на индексацию пособий и пенсий
Заместитель премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин в кулуарах Сената 6 февраля 2025 года ...
Жаңа стандарт: Кейбір мектептерде оқу пәндері біріктірілуі мүмкін
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов 2026 жылы қолданысқа енетін жаңартылған білім ...