{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Жаңа стандарт: Кейбір мектептерде оқу пәндері біріктірілуі мүмкін

Күндерек - Жаңа стандарт: Кейбір мектептерде оқу пәндері біріктірілуі мүмкін

06.02.2025

Бұл мәселеде:

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов 2026 жылы қолданысқа енетін жаңартылған білім стандарты қай пәндерді біріктіріп оқытуға мүмкіндік беретінін айтты.

- Бүкіл пән орнында қалады. Сондықтан химия, физика, биология немесе математика пәндері жойылады деген қорқыныш болмау керек.
Бір жағынан кейбір пәндерді біріктіріп оқытқысы келетін мектептер бар. Жаңа стандарт ондай бастамаларға рұқсат береді. Яғни, әр мектептің ішкі шешіміне байланысты. Бір мектеп физика, биология, химия сияқты пәндерді дәстүрлі қалпында қалдырғысы келсе, жаңа стандарт ол жағын да қарастырған. Соған сай оқу бағдарламасын береді. Ал басқа бір мектеп кейбір пәндерді біріктіріп оқытқысы келсе, жаңа стандартта біріктіруге болатын пәндердің тізбесі бекітілген. Біріктірілген пәндер қалай аталатыны да стандартта көрсетілген, - деді ол Оқу-ағарту министрлігінің алқа мәжілісінде.

Академия өкілі пәндерді біріктіру міндетті шара болмайтынын, әр мектептің өз таңдауына байланысты екенін баса айтты. Мысалы, дүниежүзі тарихы мен құқық негіздері әлеуметтік ғылымдар ретінде, алгебра мен геометрия математика пәні ретінде біріктірілуі мүмкін.

- Пәндердің мазмұнына келсек, жаңа стандарт оны соншалық өзгерткен жоқ. Негізгі бөлімдердің бәрі сол күйінде қалды. Жалғыз ескеретін дүние, кейбір тапсырмалар жасанды интеллект мүмкіндіктеріне қарай өзгертіледі. Білім берудің мемлекеттік стандарты өзгерсе, оқулықтарда да өзгерістер пайда болатыны заңдылық, - деді Руслан Қаратабанов.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.