{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Қазақстанның батысында есірткі жеткізу арналары жойылды

Күндерек - Қазақстанның батысында есірткі жеткізу арналары жойылды

07.02.2025

Бұл мәселеде:

БҚО полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс прокуратурасының үйлестіруімен Батыс Қазақстан және Ақтөбе өңірлеріне есірткі жеткізу арналарын жойды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласында Toyota автокөлігі тоқтатылды. 

Автокөлік ішіндегі такси жолаушысын тінту кезінде ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік зат салынған сөмке табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл зат салмағы 10 кг шамасында кептірілген марихуана болып шықты. Қолға түскен Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

— Сондай-ақ Ақтөбе қаласында жедел іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол синтетикалық есірткілердің облысаралық жеткізілуін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Полиция қызметкерлері күдіктіні есірткі жасырып жатқан кезде ұстады. Оны жеке тінту кезінде әрқайсысында 25 шағын түйіншегі бар екі ірі орама табылды.

Оқиға орнын тексеру кезінде полиция қызметкерлері үш үлкен орама тауып, оның ішінен 60 түйіншек шықты, олардың барлығы ерекше иісі бар ұнтақ затпен толтырылған. Күдіктінің Ақтөбе қаласында жалға алынған пәтерін тексеру кезінде ішінде есірткі заты бар 22 зип-пакет және есірткі орау үшін қолданылатын зип-пакеттер, фольга және изолента табылды.

Барлығы есірткі заты бар 132 түйіншек тәркіленді, бұл қылмыстық әрекеттің ауқымды екенін растайды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады ведомстводан.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде