Күндерек
Күндерек - Басқа елдерге үлгі — ДДСҰ Қазақстанда жастарға энергетик сатуға тыйым салу туралы
07.02.2025
Бұл мәселеде:
Қазақстан 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салып, олардың денсаулығын қорғау үшін батыл қадам жасады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәлім етті.
2025 жылдың қаңтарында күшіне енген жаңа заң балалар мен жасөспірімдер арасында қант қосылған сусындарды тұтынуды азайтуға бағытталған.
Ұйымның баспасөз қызметі атап өткендей, бұл оларды болашақта семіздік, қант диабеті, жүрек-қантамыр аурулары, сондай-ақ стоматологиялық аурулар сияқты көптеген жұқпалы емес дерттен сақтайды.
— Жаңа заң — ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес жастар арасында қант тұтынуды азайтуға және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған көптен күткен қадам. Энергетикалық сусындарға қолжетімділікті шектей отырып, Қазақстан денсаулықты бірден бірнеше деңгейде жақсартады. Ең әуелі ұзақ мерзімді асқынулармен байланысты балалар мен жасөспірімдер семіздігімен күреседі. Сонымен қатар жұқпалы емес аурулардың, атап айтқанда қант диабетінен жүрек-қантамыр ауруларына дейінгі дерттеріне шалдығу қатерін төмендетеді, — деп атап өтті ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілі дәрігер Скендер Сыла.
ДДСҰ/Еуропа тамақтану, дене белсенділігі және семіздік мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісі дәрігер Кремлин Викрамасингхе Қазақстанның энергетикалық сусындардың зияндылығымен күресте қолға алған шешуші шаралары басқа елдер үшін үлгі болатынын атап өтті.
— Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтауда энергетикалық сусындар мен құрамында қанты бар сусындарға қатысты мәселесін шешуге деген ұмтылысы — ДДСҰ Еуропалық аймағының басқа елдері үшін үлгі. Қазақстан берік саяси ерік-жігердің, саясатты нақты деректер негізінде әзірлеудің және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының арқасында денсаулық сақтау саласында айтарлықтай прогреске қол жеткізуге болатынын көрсетті, — деді ол.
ДДСҰ атап өткендей, Қазақстан осындай батыл іс-әрекетке көше отырып, қоғамдық денсаулық коммерциялық мүдделерден маңыздырақ екенін айғақтап отыр. Сондай-ақ жан-жақты ойластырылған саясаты мен бірлескен күш-жігерінің арқасында дені сау болашаққа әбден қол жеткізуге болатынын анық көрсетеді.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Мужчина спас пожилую соседку и четверых детей из горящего дома
В Восточно-Казахстанской области мужчина проявил мужество, спасая пожилую женщину и четверых детей из пылающего дома, ...
Какая погода ожидает казахстанцев в ближайшие 3 дня
Пресс-служба РГП «Казгидромет» представила прогноз погоды по Казахстану на период с 8 по 10 февраля ...
Семейные скандалы под контролем: участковые напомнили о законе
В Павлодарской области полицейские провели рейд по предотвращению семейных скандалов и повышению правовой грамотности граждан, ...
В Хромтау суд признал виновным управляющего плотиной, из-за прорыва которой пострадали три села
В Хромтау городской суд признал виновным 75-летнего управляющего плотиной Магаджанского водохранилища, прорыв которой в прошлом ...
Атырауда мотоциклмен шана сүйреген браконьерлерден 530 келі балық тәркіленді
Каспий теңізінің жағалауына жақын орналасқан Жанбай ауылының маңында 4 адамнан 530 келі балық тәркіленді. Олар балық ...
Ақтөбе стансасында адам мерт болды
Теміржол бойында әйел көз жұмды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға ...
Житель Кокшетау угнал авто, проникнув в салон через багажник
Необычный способ добраться домой выбрал 20-летний житель Кокшетау. Молодой человек угнал автомобиль ВАЗ-2114, забравшись в ...
На трассе «Астана – Караганда – Алматы» ограничили движение из-за непогоды
Водителей просят учитывать эту информацию при планировании поездок. 7 февраля 2025 года с 11:00 вводится ограничение ...
Ұялы байланыс операторларының тарифті негізсіз көтеру әрекеттері қаралып жатыр
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторларының тарифті жөн-жосықсыз көтеруіне қатысты пікір білдірді, деп ...