Күндерек
Күндерек - Атырауда мотоциклмен шана сүйреген браконьерлерден 530 келі балық тәркіленді
07.02.2025
Бұл мәселеде:
Каспий теңізінің жағалауына жақын орналасқан Жанбай ауылының маңында 4 адамнан 530 келі балық тәркіленді.
Олар балық салынған шананы мотоциклмен сүйреп келе жатқан. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Исатай ауданында «Урал» мотоциклі тоқтатылған. Мотоциклге тіркелген шанада заңсыз ауланған балық болған, деп жазады kazinform.
– Облыс аумағында 1-28 ақпан аралығында табиғи ресурстарды заңсыз айналымнан қорғау мақсатында кең ауқымды «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осыған орай Исатай ауданындағы Жанбай ауылы маңында рейдтік іс-шара кезінде шана сүйреп келе жатқан «Урал» мотоциклі тоқтатылды. Мотоциклде 4 адам, шанада 10 қапқа салынған 530 келі балық болған. Заңсыз балық аулаушылардан 2 пышақ, 2 дана радиоқабылдағыш табылды. Тәркіленген балық «Тілекші» ЖШС-нің цехына тапсырылды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
– Азаматтарды табиғатқа зиян келтіретін заңсыз әрекеттерден бас тартуға шақырамыз. Браконьерлік әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертемыз, -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Құрылыспен айналысуға рұқсат алған компаниялардың бәрі тексеруден өтуі мүмкін
Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында Құрылыс кодексінің жобасы талқыланып жатыр. Құжатты таныстырған Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі ...
Қор нарығында доллар тағы арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. KASE қор нарығындағы ...
Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа ...
Курс доллара резко снизился в Казахстане
Об этом сообщает Казахстанская фондовая биржа (KASE). Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 511,18 тенге, ...
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Бұл туралы гидробиология және экология институты хабарлады. - Қазір зерттеу жұмыстары бойынша камералдық өңдеу жүргізіліп жатыр. ...
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Биыл 1 қаңтар мен 5 ақпан аралығында тыйымға қарамастан Бурабай көлінде квадроциклмен жүрудің 8 фактісі ...
Колонна из 530 авто выехала под сопровождением полици из Астаны в Караганду
Об этом сообщает пресс-служба «КазАвтоЖола». «Организовано колонное движение из города Астаны в сторону города Караганды. Усилиями ...
Бывшего заместителя акима Актау объявили в розыск
Как пишет Tengrinews.kz, данная информация опубликована на портале по правовой статистике и специальным учетам Генеральной ...
Президент қосымша құн салығының үкімет ұсынған мөлшерлемесі тым жоғары деп санайды
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды. Мемлекет ...