Күндерек
Күндерек - Президент қосымша құн салығының үкімет ұсынған мөлшерлемесі тым жоғары деп санайды
07.02.2025
Бұл мәселеде:
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды.
Мемлекет басшысының сөзінше, кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек.
"Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, қайталап айтамын, білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, әлбетте депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс,- деп тапсырма берді президент.
"Бір анығы, Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған мөлшерлемесі тым жоғары. Сіздер нақты цифрды айттыңыздар. Оны қоғам қызу талқылады. Тіпті, кей жағдайда артық сөздер де айтылды. Дегенмен, бұл қоғам талқысына алдын ала салынған ұсыныс болатын. Тағы қайталап айтамын, Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы бизнес, қоғам, кәсіпкерлер, сарапшылардың, яғни барлық тараптың пікірі ескеріле отырып жалғасуы керек. Биыл нақты шешім қабылдануға тиіс. Мен бұған дейін де айттым: Үкімет бұл мәселені депутаттармен және сарапшылармен егжей-тегжейлі талқылауы керек. Бүгін айтылған ой-пікірлер де ескеріледі. Мемлекетке барынша оңтайлы шешім қажет. Яғни бір жағынан бизнес жүргізуге кедергі келтірмей, қолайлы жағдай жасайтын, ал екінші жағынан, салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Об объеме реализованных мерных слитков в 2024 году отчитался Нацбанк
Национальный Банк РК по итогам 2024 года реализовал банкам второго уровня (далее – БВУ) и ...
Глава государства встретился с представителями бизнеса
Встреча с бизнес-сообществом Казахстана прошла под знаком единения государства с теми, кто развивает экономику. Стратегическая ...
Прямые рейсы из Алматы в Нью-Йорк и Токио могут запустить в этом году
Комплексный план развития Алматинского горного кластера предусматривает запуск прямых рейсов в семь зарубежных городов, пишет ...
Почти 1,5 тысячи авто застряли на трассе в Карагандинской области
Затор из 1,5 тысячи автомобилей образовался на терминале оплаты дороги возле Темиртау, сообщает Kazinform. Некоторые транспортные средства стояли ...
Сотрудники МЧС спасли из снежного плена четырех человек
В Осакаровском районе Карагандинской области на закрытом участке автодороги в снежном заносе застрял легковой автомобиль, ...
КГД опубликует новый список лиц, финансируемых из иностранных источников
Комитет государственных доходов до 20 марта 2025 года опубликует новые данные по реестру лиц, финансируемых ...
Құрылыс саласындағы нормативтерді реттейтін ұлттық институт құрылады
Құрылыс заңнамасын өрескел бұзған компанияларға құрылыспен айналысуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі ...
В Актау сержант заставлял солдат есть окурки: суд вынес приговор
В Актюбинском военном суде рассмотрено уголовное дело в отношении командира взвода Адилета Керимбаева, сообщает Kazinform. Инцидент ...
Подозреваемых в нападении на таксиста задержали полицейские Кызылординской области
Кызылординские полицейские задержали двоих подозреваемых в разбойном нападении на таксиста, сообщает Polisia.kz. «Сотрудники полиции задержали двух ...