{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Қор нарығында доллар тағы арзандады

Күндерек - Қор нарығында доллар тағы арзандады

07.02.2025

Бұл мәселеде:

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,88 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 511,18 теңге.

Ұлттық банктің 7 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 515,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,30 теңге. Еуро — 533,96.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 514 теңге. Еуро 531 — 536 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 511,9 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,22 - 5,32 аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде