{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Маймыл электр станциясына кіріп кетіп, елді жарықсыз қалдырды

Күндерек - Маймыл электр станциясына кіріп кетіп, елді жарықсыз қалдырды

10.02.2025

Бұл мәселеде:

9 ақпан күні Шри-Ланка астанасы Коломбоның оңтүстік шетіндегі электр станциясына маймыл кіріп кетіп, бүкіл ел бойынша электр энергиясының үзілуіне себеп болды.

BBC-дің хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша 11:00-да болған. Шри-Ланканың энергетика министрі Кумара Джаякоди маймылдың электр желісіндегі трансформаторға тиіп кеткенін, соның салдарынан электр жүйесінің істен шыққанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, инженерлер қазіргі уақытта ақауды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр және электрмен жабдықтауды мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылданып жатқан көрінеді.

Алайда, оқиғадан кейін үш сағат уақыт өткеніне қарамастан, кейбір аймақтарда электр қуаты толық қалпына келтірілген жоқ.

Соңғы жылдары Шри-Ланкада электр станцияларындағы техникалық ақауларға байланысты бірнеше рет ел ауқымындағы жарық өшіп қалып отырған. 

Дереккөз: kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде