{metadescription}

Күндерек

Күндерек - ІІМ көлікті 5 минут қыздырғаны үшін жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді

Күндерек - ІІМ көлікті 5 минут қыздырғаны үшін жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді

10.02.2025

Бұл мәселеде:

ІІМ көлігін 5 минуттан артық қыздырған жүргізушілерге жаппай айыппұл салуды мақсат тұтып отырған жоқ.

Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына аталған ведомство басшысы Ержан Сәденовтің жауабында айтылған.

— Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Жедел басқару орталықтары камераларының және автоматтандырылған жүйелермен анықталады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 88-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, егер тұрғындарға қолайсыздық келтіретін болса, елді мекендерде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көлік құралдарының тоқтап тұруына тыйым салынады. Осыған ұқсас талап Жол жүрісі қағидалары 17-тарауы 122-тармағының 4) тармақшасында бар, — деп атап өтеді министр жауабында.

Оның түсіндіруінше, тоқтап тұру — бұл көлік құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға немесе түсіруге не көлік құралын тиеуге немесе түсіруге байланысты емес себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату.

— Осылайша, егер көлік құралы жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен бес минуттан артық тұрса және бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырса Қазақстан Республикасы 2 ӘҚБтК 597-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың құрамы қаралатын болады. Сонымен қатар ішкі істер органдары азаматтарға осы бұзушылық үшін жаппай айыппұл салуды мақсат етіп қоймайды. Аталған бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс азаматтардың шағымдары келіп түскен кезде және бұзушылық туралы дәлелдер болған кезде ғана қозғалатынын атап өтеміз. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ІІМ жол қозғалысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгеріс енгізу мәселесін қарауда, — деді Ержан Сәденов.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде