Күндерек
Күндерек - Алаяқтар ЖИ көмегімен министрдің дауысын салып, кәсіпкерлерден қомақты қаржы алған
11.02.2025
Бұл мәселеде:
Италияда телефон алаяқтары қорғаныс министрінің дауысын салып, ірі бизнесмендер мен корпорация басшыларын алдап, қомақты қаржы алған, деп хабарлайды Еuronews.
Елдің бірқатар ең дәулетті адамдарына Гвидо Крозетто мен оның серіктестері атынан Гонконгтағы банк шотына шамамен миллион еуро аударуды сұраған телефон қоңырауы түсті. Бұл ақша Таяу Шығыста ұрланған итальяндық тілшілерді босатуға төлем жасау үшін керек деген сылтаумен сұралды.
Милан прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр. Крозеттоның өзі X сайтындағы жазбасында «абсурдтық» деп атаған оқиға сейсенбіде басталды.
- Маған өзіме жеке таныс емес белгілі кәсіпкер хабарласқысы келетінін айтты. Телефонмен сөйлескен кезде ол бұған дейін онымен мен өзім, сосын генерал хабарласқанын және ол осы «генерал» берген есепшотқа өте қомақты ақша аударғанын баяндады, - деп жазды Крозетто.
Крозетто бұл туралы полицияға хабарлады, карабинерлер алаяқтар құрбаны болған кәсіпкердің өтінішін қабылдады.
Министр айтқандай, келесі күні дәл осыған ұқсас жағдай болып, одан кейінгі күні алаяқтар өздерін Гвидо Крозетто деп таныстырып, тағы екі ірі кәсіпкерден ақшаны алдап алмақ болған.
Жалған министрден қоңырау алғандардың тізімінде Pirelli басшысы Марко Тронкетти Провера, ірі инвестор Диего Делла Валле, дизайнер Джорджио Армани, Prada бас директоры Патрицио Бертелли, Ray Ban және Oakley-дің негізін қалаушы Дель Веккьо мен құрылыс магнаты Франческо Кальтаджироне отбасылары, сондай-ақ «Интердің» бұрынғы президенті Массимо Моратти бар.
Алаяқтар телефон қоңыраулары кезінде ЖИ-мен жұмыс істейтін дауыс фильтрін пайдаланды ма әлде қорғаныс министрінің жалған дауысымен аудио хабарлама жазды ма, ол әзірге белгісіз.
Киберқылмыскерлердің жеке басын анықтау үшін тергеушілер алаяқтар көрсеткен банк шотына салынған қаражаттың қайда кеткенін анықтап жатыр.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
В Алматы разработан план развития теплоснабжения
В городе по поручению акима создан «План развития теплоснабжения города до 2030 года с перспективой ...
Президент наградил сотрудников силовых структур
Об этом сообщает пресс-служба Акорды. «Касым-Жомарт Токаев вручил награды сотрудникам силовых структур», – говорится в сообщении. Президент выступил ...
Карманники в Алматы крали телефоны у пассажиров общественного транспорта
В Алматы задержаны два опытных карманника, промышлявших в общественном транспорте, сообщает Polisia.kz. Оперативники задержали подозреваемых в ...
ШҚО-да 14 жыл бойы іздеуде болған алаяқ Алматыда ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында алаяқтық жасағаны үшін 14 жыл бойы іздеуде болған әйел Алматыда құрықталды. Белгілі болғандай, ...
Қысқы Азия ойындары: Қазақстан құрамасының медальдар саны 13-ке жетті
Қазақстан спортшылары бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында төрт медаль еншіледі. Нақтырақ ...
В Кокшетау вынесен приговор за сбыт вейпов
Местную жительницу признали виновной в незаконном сбыте вейпов. Суд вынес решение по делу гражданки, которая занималась ...
Суд Астаны вынес приговор обвиняемой в мошенничестве с арендным жильем
В столице вынесен приговор в отношении женщины, признанной виновной в мошенничестве в особо крупном размере, ...
Аризона әуежайында екі ұшақ соқтығысып, бір адам қаза тапты
Аризона штатында ұшақтың соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды ...
«Золото» и «серебро» принес Казахстану заезд в биатлоне Азиады
Владислав Киреев стал чемпионом зимних Азиатских игр в Харбине, одержав победу в спринтерской гонке на ...