{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Күндерек - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

11.02.2025

Бұл мәселеде:

11 ақпан күні ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша, өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Асқар Қаныбеков Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 

Қаныбеков Асқар Сәкенұлы Алматы қаласында дүниеге келген, білімі жоғары.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын салық инспекторы қызметінен бастап, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Алматы облыстық мәдениет басқармасының ішкі бақылау қызметінің бас маманы, Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округінің әкімі болды.

2013 — 2018 жылдар аралығында Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқарма басшысының орынбасары болды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің әкімшілік департаменті директордың орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен қатар төрт жыл Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысы болды. Осыған дейін Түркістан облысы аппарат басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде