Күндерек
Күндерек - Екібастұзда WhatsApp арқылы жұртты байытамын деп алдаған алаяқ әйел сотталды
12.02.2025
Бұл мәселеде:
Ол өзі құрған алаяқтық схемасы бойынша 23 адамды алдап, жалпы сомасы 26 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген, деп жазады kazinform.
Екібастұздық тұрғын тез әрі оңай баюдың жолдарын іздеп, өзгелердің есебінен ақша табуды ұйғарған. Оның қаражатты көбейту жобаларына қатысу тәжірибесі бұрыннан болған. 2020 жылы әйел адам WhatsApp мессенджерінде «LiveStyler», «Қарлығаш», «Умножайка», «Шанс» және т.б. чаттарын құрып, адамдарды пайда табу үшін ақша салуға шақырған.
- Ол өзі құрған схеманың табыстылығының көрінісін жасау үшін қатысушыларға жаңа қатысушылар есебінен «дивидендтер» төлеген. Қалғанын жеке қажеттілігіне жұмсаған. Мәселен, жәбірленушінің бірі ақшасын көбейтемін деген уәдеге сеніп, «LiveStyler» тобына қосылған. Ұйымдастырушының қылмыстық ниетінен бейхабар ол 2021 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында алаяқ әйел көрсеткен есепшотқа (оның өзіне, кәмелетке толмаған ұлына және оның күйеуіне тиесілі) 14 млн теңгеге жуық ақша аударған. Бұл соманың 8,5 млн теңгесін қаскүнем жәбірленушіге адалдық таныту үшін қайтарып берген.
Қалған 5,4 млн теңгені өзі иемденген. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде 23 жәбірленушіге жалпы сомасы 26 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген, - деп хабарларды Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылып отырғанын, қамқорлығында кәмелетке толмаған баласы бар екенін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ жәбірленушілер пайдасына 26 млн теңге материалдық шығын өндірілді. Жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
В области Абай задержан подозреваемый в пропаганде терроризма
Комитет национальной безопасности Казахстана задержал жителя области Абай по подозрению в пропаганде терроризма. Об этом ...
В ВКО возбуждено дело против женщины, не платившей алименты на семерых детей
В Усть-Каменогорске начато уголовное расследование в отношении 42-летней жительницы Восточно-Казахстанской области, уклоняющейся от уплаты алиментов. ...
Өскеменде 7 баласына алимент төлемеген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Өскемен қаласында әйел адамның 7 баласы алдындағы алимент бойынша қарызы 9 млн теңгеге жеткен. ШҚО полиция ...
Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі құжатты қабылдады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы ...
В Рудном задержали мошенницу, сдававшую несуществующий коттедж
Полицейские задержали 24-летнюю жительницу Рудного, подозреваемую в мошенничестве при сдаче в аренду несуществующего коттеджа. Об ...
Казахстанские лыжницы завоевали «серебро» на Азиатских играх в Харбине
Женская сборная Казахстана по лыжным гонкам завоевала серебряную медаль в эстафете 4×5 км на IX ...
Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген адам ұсталды
Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық ...
В Таразе оштрафовали родителя школьника за буллинг одноклассника
Суд рассмотрел дело о травле (буллинге) ученика 7-го класса и оштрафовал родителя одного из обидчиков. Как ...
Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты
Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпан күні аурухананың ...