Күндерек
Күндерек - Сенат Төрағасы Қытайдың Қазақстандағы Елшісімен кездесті
12.02.2025
Бұл мәселеде:
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев таяуда еліміздегі дипломатиялық миссиясы басталған Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті.
Сенат Спикері қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас жан-жақты мәңгі стратегиялық серіктестіктің бұрын-соңды болмаған деңгейіне жеткенін атап өтті. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев елші Хань Чуньлиннің дипломатиялық миссиясы екіжақты ынтымақтастықтың жаңа «Алтын дәуірімен» тұспа-тұс келгеніне назар аударып, мұның символдық мәні зор екенін тілге тиек етті және алдағы уақытта көпжақты байланыс одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Сұхбат барысында қазақ-қытай ынтымақтастығын арттыруда екі ел басшыларының достық қарым-қатынасы шешуші рөл атқарып отырғаны және соның арқасында бүгінде маңызды келісімдерге қол жеткізілгені сөз болды.
– Елдеріміздің басшылары арасындағы тығыз және сенімді диалог стратегиялық серіктестікті нығайту жолында айрықша рөл атқарады. Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер мен өзара сапарлардың нәтижесінде маңызды келісімдер жасалды және бірқатар перспективалы екіжақты құжаттарға қол қойылды. Осындай қарқынның арқасында Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас дамудың жаңа «алтын дәуіріне» қадам басып отыр. Біздің басты міндетіміз – Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға ықпал ету, – деді Мәулен Әшімбаев.
Кездесуде тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстан мен Қытайдың ұстанымдары ұқсас екеніне тоқталды. Сондай-ақ парламентаралық, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК сияқты халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл шеңберінде жаһандық даму және жалпыға бірдей қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен бастамаларға мән берілді.
Сонымен қатар Сенат Төрағасы елші Хань Чуньлинге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде айтып берді. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының өңірлерді дамытуға және ұлттық экономиканы әртараптандыруға арналған бастамаларына егжей-тегжейлі тоқталып, қолға алынған реформалардың стратегиялық маңызына назар аударды.
Өз кезегінде Елші белсенді өзара іс-қимыл үшін алғыс білдіріп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси жаңғыртуларды жоғары бағалады. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
В ВКО возбуждено дело против женщины, не платившей алименты на семерых детей
В Усть-Каменогорске начато уголовное расследование в отношении 42-летней жительницы Восточно-Казахстанской области, уклоняющейся от уплаты алиментов. ...
Өскеменде 7 баласына алимент төлемеген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Өскемен қаласында әйел адамның 7 баласы алдындағы алимент бойынша қарызы 9 млн теңгеге жеткен. ШҚО полиция ...
Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі құжатты қабылдады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы ...
В Рудном задержали мошенницу, сдававшую несуществующий коттедж
Полицейские задержали 24-летнюю жительницу Рудного, подозреваемую в мошенничестве при сдаче в аренду несуществующего коттеджа. Об ...
Казахстанские лыжницы завоевали «серебро» на Азиатских играх в Харбине
Женская сборная Казахстана по лыжным гонкам завоевала серебряную медаль в эстафете 4×5 км на IX ...
Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген адам ұсталды
Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық ...
В Таразе оштрафовали родителя школьника за буллинг одноклассника
Суд рассмотрел дело о травле (буллинге) ученика 7-го класса и оштрафовал родителя одного из обидчиков. Как ...
Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты
Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпан күні аурухананың ...
В Астане сотрудники МЧС спасли мужчину при пожаре в многоэтажном доме
Причины возгорания устанавливаются. В Астане на улице Ж. Нажимеденова, в районе «Сарайшык», произошел пожар в квартире ...