{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі құжатты қабылдады

Күндерек - Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі құжатты қабылдады

12.02.2025

Бұл мәселеде:

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңы қабылданды.

Келісімнің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық күш-жігер мен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру.

Бұл құжатқа Астанада 2022 жылы 14 қазанда Армения, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қазақстан мемлекеттерінің басшылары қол қойған.

- Келісім ынтымақтастықты тиісті бағыттар бойынша кеңейтуді көздейді. Бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істер бойынша жәрдем көрсету, бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарды ұстау және беру, арнайы ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану. Сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді табу және қайтаруды жүзеге асырудағы өзара іс-қимыл ынтымақтастықтың маңызды бағыты саналады, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов.

Жалпы, келісім аясында басқа да ынтымақтастық шаралары ескерілген.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында үйлестірілген немесе келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар мен арнаулы операциялар жүргізу, сондай-ақ өзге де іс-шаралар қарастырылған.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде