{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Петропавлда сірке қышқылы мен дәріден уланған 4 адам қайтыс болды

Күндерек - Петропавлда сірке қышқылы мен дәріден уланған 4 адам қайтыс болды

12.02.2025

Бұл мәселеде:

Петропавлда сірке қышқылы мен дәрі-дәрмекті көп мөлшерде пайдаланудан уланғандар саны артқан.

Петропавл қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері осындай 11 оқиға тіркелді, төрт жағдайда адам өлімімен аяқталды. Ал былтыр уланған 79 адам ауруханаға түскен, деп жазады kazinform.

Дәрігерлердің айтуынша, уланудың негізгі себептері — өзіне-өзі қол салу әрекеті және абайсызда ішіп қою.

— Дәрі-дәрмекті дозадан артық қабылдау тыныс алуды қиындатады, жүрек қағысын бұзып, адам комаға түсуі немесе өлім кетуі мүмкін. Ұйықтататын дәрілердің, антидепрессанттардың, ауырсынуды басатын дәрілердің және жүрек препараттарының көп дозасы әсіресе қауіпті. Егер уланғандығыңыз жайлы шамалы күдік болса да жедел жәрдем шақыру керек, - дейді аурухана дәрігерлері.

Сірке қышқылын ішу салдарынан ішкі ағзалар мен тыныс алу жолдары күйіп қалады. Зардап шеккен адам азап шегеді, қатты ауырсынып, дем ала және жұта алмайды. Бауыр, бүйрек және басқа мүшелер ауыр зақымданады. Ал 5-7 күннен кейін арты өлімге әкеледі немесе науқас асқынудың салдарымен күресіп, ұзақ уақыт ем қабылдауы қажет.

— Дәрі-дәрмектер мен сірке қышқылын қол жетпейтін жерде, өнімдерден бөлек жерде сақтаңыз, анық таңбасы болсын. Тағайындалған препараттардың дозасын асырмаңыз.

Тығырықтан шығар жол әрқашан бар екені есіңізде болсын. Егер қиналсаңыз, мәселе шешілмейтіндей көрінсе — жақын адамдарыңыздан, достарыңыздан немесе мамандардан көмек сұраңыз. Сіз жалғыз емессіз, - дейді мамандар.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде