{metadescription}

Күндерек

0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Күндерек - Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды

20.03.2025

Бұл мәселеде:

Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. 

Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, күдіктілерді ұстады. Бұрын сотталған күдіктілер Ақтөбе тұрғынын қорқытып, бопсалаған. 

"Тергеп-тексеру барысында күдіктілер көлікті тартып алғандарын, оны қайтару үшін 2 млн теңге ақша талап ететінін айтқан. Күдіктілер жәбірленушіден ақша алып жатқан кезінде ұсталды. Ішкі істер органдарына барлығы 15 адам жеткізілді, олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту барысында күдіктілерден газ тапаншасы, бірнеше патрон, жиналмалы пышақ және ақша тәркіленді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Дереккөз: kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

20 наурыз

Қазір эфирде