{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Әйелін атып тастап, артынша өзіне-өзі қол салған

Жаңалықтар - Әйелін атып тастап, артынша өзіне-өзі қол салған

30.06.2022

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Солтүстік Қазақстан облысындағы Лобанова ауылында жантүршігерлік оқиға болды. Балалардың көзінше әкесі әйелін атып тастап, артынша өзіне өзі қол салған. 3 ұл өсіріп отырған отбасының әп сәтте осылайша ойраны шықты. Бұл оқиғаны естіген ауыл тұрғындары шошынып қалған. Әсіресе, көршілері ел қатарлы тып тыныш өмір сүріп жатқан ауылдастың дәл осындай қадамға барғанына сенгілері келмейді. Қазір тиісті органдар болған істі тергеп тексеріп жатыр.

Қанды оқиға түнгі сағат 4-тер шамасында мына жер үйде болған. Отағасы сырттан қарумен келіп әйеліне оқ жаудырған. Осы кезде шырт ұйқыда жатып, айғай шудан оянған 3 бала болған жәйтті өз көздерімен көрген.

11-14 және 16 жастағы ұлдары алғаш мылтық даусы гүрс еткенде бөлмелерінен жүгіріп шыққан. Әкелері анасын алдымен аяғынан, одан соң желкесінен атыпты. Содан кейін кереуетке отырып, мылтықтың ұңғысын аузына салып, шүріппені басып жіберіпті. Сұмдығы сол кәмелетке толмаған 3 бала оның  барлық әрекетін көріп тұрған. Әкесі мен анасының қанға бөгіп жатқанын көрген ұлдары әбден шошынып, далаға қаша жөнелген.

Надежда Литвинова, марқұмның анасы:

- Балалар өздерімен бірге болды. Ұйқыдан шошынып тұрған не істерлерін білмей қалыпты. Екеуі де жайрап жатқанын көріп,қайтсін енді бала ғой қашып шыққан. Мұғалімдеріне хабарлапты. Сол түні ұлым арақ ішіп, таң ата келген. Бірақ, мылтықты қайдан алғанын білмеймін. Әйелін қызғаныпты дейді. Кім білсін.

Мектеп мұғалімдері полицияға да, туған туысқандарына да хабар берген. Қанды оқиғаны естіген ауыл іші азан қазан болды. 33 жастағы Марина білім ошағында құрылыс жұмыстарын істеп жүрген. Ал күйеуі Владимир жұмыссыз. Ара-тұра балық аулағаны болмаса мылтық ұстап аңға шықпаған, - дейді бала күнгі досы әрі көршісі.

Сергей Подкорытов, көршісі:

- Бала күнімізден бірге өстік. Ешқандай артық мінезі жоқ болатын. Бұнысы енді ақымақтық. Әйелін қызғанса, қуып шықпай ма? Енді міне балалары жетім қалды. Ал мылтық ұстағанын ешқашан көрмеппін. Балық аулауға баратын.

- Ешкімге мұндайды қаламаймын. Жауыма да. Балалар тым жас...

Тәртіп сақшылары 33 және 36 жастағы ерлі зайыптылардың өліміне қатысты тергеуді бастап кетті. Қанды қылмысты облыс прокуроры өз қадағалауына алған.

Әлім Есімов, СҚО Прокуратурасының басқарма прокуроры:

- Үйден зорлық белгілері бар екі адамның денесі табылды. Қазір «Адам өлтіру» бабына сәйкес іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша күйеуі екеуі өзара жанжалдан кейін әйелін атып тастап, кейін өзіне өзі қол салған. Қазір сот медициналық сараптама тағайындалды.

Қаралы отбасындағы балалар қазір Саумалкөлдегі оңалту орталығында. Оларды балалар үйіне жібергісі келмейтін әжелері қамқорлыққа алу үшін ізденем деп отыр. Өйткені, зейнет жасына жетпеген әжей жұмыссыз екен.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде