{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Теміртау қаласы жылу маусымына дайын емес

Жаңалықтар - Теміртау қаласы жылу маусымына дайын емес

03.10.2022

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Теміртау қаласы жылу маусымына дайын болмай шықты. Шағын шахар жұртының тең жарымы үйінде тоңып отыр. Көбісі жылытатын  пешін қосып амалдауға мәжбүр. Ал аймақта ауа температурасы 7-8 градусқа дейін төмендеген.

Елена Пырлик, Теміртау қаласының тұрғыны:

- Балалар да, өзіміз де түнде киіммен жатамыз. Түнде әбден жаурап шығамыз. Сенесіздер ме, басымызға дейін бүркеніп жатамыз. Тоқ пешті қосуға мәжбүрміз. Одан электр желісіне салмақ түсіп, жарық сөніп қалып жатыр.

Қалада жылу маусымы өткен жұмада басталған. Жергілікті билік дәл сол күні магистарль құбырларды жөндеп аяқтайтынын айтқан. Бірақ тұрғындар о бастан күмән келтірген. Енді шенділердің уәдесінде тұра алмауынан халық зардап шегіп отыр. «Суық үйден әбден тоңдық» деген бұқара билік өкілдерінің немқұрайлығына наразы. Жұрттың сөзінше, құбырларды жаңалау өгіз аяңмен жүргізілген.

Ал шенеуніктер алты шақырым құбырдың ауыстырылып жатқанын айтады. Өздері кестеден кешіккенін мойындап отыр. Оған құрал-жабдықтың Ресейден кешігіп жетуі себеп болған. Бірақ керек-жарақ толық келді, енді жақын күндері жұмысты аяқтаймыз деп сендіреді. Алайда атқамінерлер қаладағы үйлер қыста қайнап тұрады деп айта алмады. Өйткені пәтерлерге жылу тиісті деңгейде жетпейді дейді.

Ринат Қалдырбеков, Теміртау қаласы ТКШ бөлімінің басшысы:

- Бүгінгі күнде 200 гигакалорий жылу жетпей тұр. Бұл өте көп деген сөз. Білесіздер ме, қақаған қыста бізге жылу тиісті деңгейде жетпей жатады. Сол үшін жеті қазандықтың құрылысын жүргізу шешімі қабылданған. Сол кезде жылумен толық қамтитын едік. Бірақ қазандықтардың құрылысын келесі жылға қалдырды.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

20 желтоқсан

Қазір эфирде