{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Астанада енді алты аудан болады

Жаңалықтар - Астанада енді алты аудан болады

26.04.2024

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Астана тағы бір ауданмен толығады. Халық санының өсуіне, қала құрылысының белсенді жұруіне байланысты Алматы ауданы екіге бөлінетін болды.

1998 жылы құрылған Алматы ауданында шаһардың бет-бейнесіне айналған ғимараттардың басым бөлігі орналасқан. Аймақтағы Президент саябағы мен Триатлон паркі, «Қазақ елі» алаңы, Ұлттық музей, Әзірет Сұлтан мешіті мен Бейбітшілік және келісім сарайы қала қонақтары ерекше ілтипатпен баратын айшықты құрылыс нысандары.

Айта кетейік, Алматы ауданын бөлу туралы бастама 2018 жылы көтерілген. Қала кеңесінің ортақ шешімімен ол кезде ауданның кей бөлігі Байқоңыр ауданына қосылған болатын. Осылайша енді Астанада алты аудан болады: Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр, Есіл, Нұра және атауы әзірге белгісіз жаңа аудан.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде