{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Оқу-ағарту министрлігі елдегі мектептердің асханасын тексеруге кірісті

Жаңалықтар - Оқу-ағарту министрлігі елдегі мектептердің асханасын тексеруге кірісті

09.09.2024

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Маңғыстау облысында оқушылардың жаппай улану себебін арнайы құрылған тергеу тобы анықтайды. Қазір 83 бала ауруханада. Жансақтау бөлімінде жатқан екі жеткіншектің беті бері қарады. 377 оқушы амбулаторияда емделуде.

Мұнайлы ауданында мектеп оқушылары жұма күні білім ошағында тамақтанғаннан кейін нашар сезінген. Қызуы көтеріліп, астан ұшыну белгілерімен бірінен кейін бірі, 460 бала ауруханаға түскен. 

Мектеп асханасының мәзірінде сол күні еттен котлет пен пюре болған. 820 балаға есептелген тегін тамақты жеген жеткіншектердің тең жартысы түстен кейін өзін нашар сезіне бастаған. 

Сара Мұсаева, оқушының анасы:

 Жалғызбасты ана ретінде, бұл жағдай маған қиын. Жұма күні түскі тамақтан кейін аурудың алғашқы белгілері байқала басталды. Бүгін үшінші күн. Жағдайы бірқалыпты. Қызуы көтеріліп, іші өтіп жатыр. Балалардың барлығы котлет, пюре жеген. Барлығы бірдей ауырды. Мектеп бұл мәселені жауапкершілікке алса деген ниеттеміз.

Ауруханаға бір үйден екі-үш баладан түскен. Ата-аналар емдеу мекемесінде науқастың көптігінен орын жетіспей жатқанына шағымданды.

Светлана Қойшыбайқызы, оқушының анасы:

 Қазір екі балам да ауыр халде жатыр. Тұңғыш қызым қызуы көтерліп, кешке жақын кіші қызым құсып, оның да қызуы көтерілді. Менің талап ететінім, мектепте әлі бізге нақты жауап бермей жатыр. Қыздарымды ауруханаға бүгін қайта-қайта алып келдім. Өйткені ауруханаларда орын жоқ.

Ата-аналардың айтуынша, мұндай жағдай №8 мектепте бұған дейін де болған. Бірақ мектеп әкімшілігі мұны растаған жоқ. Асхананың жұмысын тоғыз жыл жүргізіп отырған жалға алушы балаларға бұрын-соңды бұзылған ас-ауқат берген емес дейді директор.

Тойлыбай Серікұлы , №8 мектеп директоры:

Жалпы бұрын дәл осындай жағдай болмаған. Ыстық тамақты 1-4 сынып аралығында, яғни 820 бала тегін тамақтанады. 6-сы күні 807 бала тамақтанып, тең жартысы ауруханаға жеткізілді. Серіктес кәсіпкерлер тоғыз жылға жуық жұмыс істеп келеміз. Орын алған мәселеге орай, келісім-шартты тікелей үземіз.

Балалар жаппай уланған соң асханадағы бүкіл азық-түлік, ыдыс-аяқ пен сегңз қызметкерден сынама алынған. Оның қорытындысы ертең белгілі болады.

Ержан Күмісқалиев, Мұнайлы ауданының әкімі:

 Өкінішке қарай, Мұнайлы ауданындағы Бесшоқы ауылының № 8 орта мектепте балалардың уланғаны белгілі. Жұма күну тергеп-тексеру тобы келді. Сынамалар алды, тексеріс жүргізді. Онымен қоса санитария- эпидемиология департаменті өкілдері де келді. Айтуынша, сынама қорытындысы 4-5 күнде шығады.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 460 бала медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде, 83 бала стационарда емделіп жатыр.

Бесшоқы ауылындағы жағдай Үкімет басшысының тікелей бақылауында. Балалардың жаппай улануына кінәлілер жауапқа тартылады. Ал Маңғыстаудағы осы жағдайдан кейін оқу-ағарту министрлігі елдегі барлық мектептің асханасын тексеруге кіріскен.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.