{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Ақтөбе облысы: Дәрігерлер ауыр халдегі сәбиді таксиге салып жіберген

Жаңалықтар - Ақтөбе облысы: Дәрігерлер ауыр халдегі сәбиді таксиге салып жіберген

09.09.2024

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Ақтөбе облысында ауыр халде жатқан сәбиге көмек көрсетудің орнына, оны таксиге салып жіберген дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Екі ай бойы сараптама жүргізген мамандар Шалқар ауданы ауруханасы басшылығының науқас балаға салғырт қарағанын анықтады. Ақтөбеге келер жолда шетінеп кеткен бөбектің ата-анасы кінәлілер жазаға тартылсын деп отыр.

Арман Жұбанышев:

— «Ақтөбеге алып кетеміз, баланың жағдайы ауыр» деп, келіншегім екеуін таксиге отырғызады. Санавиация шақырып, пойыз болмай, баламды таксиге салып жібереді. Балама бір-ақ таблетка береді. Басқа еш көмек көрсетілмеді. Шалқардың бас дәрігері, Ембі қаласының бас дәрігері балама көмек көрсетпегені үшін жазасын тартсын!

Осыдан екі ай бұрын Бершігүр ауылында тұратын жеті айлық Ақберен есімді бөбектің ыстығы 39-ға дейін көтеріледі. Әлсіреген баланы Шалқар ауданының ауруханасына жеткізген. Бірақ ондағылар бір түйір дәрі беріп, одан өзге көмек көрсете алмайтынын айтқан. Бұған дейін облыс орталығында жасалған отаның жарасы да ашылып, бала қансырай бастапты. Осыған қарамастан ауруханадағылар жас келіншекті сәбиімен таксиге отырғызып, шұрық-тесік жолмен «Ақтөбеге бар» деген. Есінен танған баламен жолай тек Ембі кентіндегі ауруханаға жетеді. Онда екі сағат бойы дәрігер табылмайды. Ақыры сол жерде шетінеп кеткен.

Тексеру жүргізген сарапшылар ауданның дәрігерлері «өрескел қателік жіберді» деп отыр. Баласынан айрылған ата-ана оларды «жазасыз қалдырмаймыз» деп бекінген. Ал денсаулық сақтау басқармасының басшылары аудандағы әріптестерінің салғырттығын мойындап отыр.

Асхат Балықов, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Шалқар ауданы ауруханасының басшылығына тәртіптік жаза қолдандық. Бас дәрігерге қатаң сөгіс берілді. Олар облыстың мамандарымен байланысқа шығып, санавияция шақыртуы керек еді. Санавиация келгенше бейнебайланыспен мамандардан кеңес алып, консилиум болу керек. Бала аудандық ауруханада болып, ешқайда тасымалданбауы керек болатын.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.