{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - ТЖМ: Биыл 164 адам суға кеткен, оның 51-і — балалар

Жаңалықтар - ТЖМ: Биыл 164 адам суға кеткен, оның 51-і — балалар

09.09.2024

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Биыл шомылу маусымында 164 адамның ажалы судан келген. Оның 51-і  балалар. Төтенше жағдайлар министрлігі келтірген үш айдағы мәлімет осындай. 

Ересектер рұқсат етілмеген жерге шомылады, ішімдік ішеді, ал бала-шаға қараусыз қалған. Министрлік нақты санды да келтіріпті. Мәселен, қайғылы жайттардың 90 пайызы рұқсат етілмеген жерде тіркелген. Ал қаза тапқандардың 40 пайызы мас болған. Сәйкесінше, мұндай ортада кішкентай балаларға тиісті назар аударылмай қалады. Бұл статистика жылда қайталанып, жағдай өзгермей тұр. Төтеншеліктер барынша абай болуға, өзен-көлге барғанда баладан көз жазып қалмауды тағы ескертеді.

Алексей Советов, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары:

Өзен-көлге кәсіби құтқарушыларды қоя алмаймыз. Соның өзінде 722 белгіленген жаппай демалыс орны жабдықталды. Қосымша 158 мобильді құтқару бекеті қойылды. Жыл бойына кешенді профилактикалық іс-шара жалғасады. Күзгі-қысқы кезеңде де суда, мұзда қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырамыз.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде