{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Мамандар: АЭС салу — Оңтүстік өңірдегі ауыл-аймаққа ауадай қажет

Жаңалықтар - Мамандар: АЭС салу — Оңтүстік өңірдегі ауыл-аймаққа ауадай қажет

09.09.2024

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Атом электр станциясын салу ең әуелі оңтүстік өңірдегі ауыл-аймаққа ауадай қажет. Мамандар елу жылда электр қуатына тәуелділік Шымкент, Алматы, Қызылорда мен Таразда үш есе артады деп отыр.

Атом электр станциясының елімізге тигізер пайдасы мен зиянын саралаймын деген азаматтарға GOVkz порталы мен Egov mobile қосымшасында арнайы бөлім ашылған.

Жалпы қазір әлемде салынып жатқан станциялар 3+ буынымен бой көтеріп жатса, Қазақстанда дәл осы технологиямен салынуы мүмкін кешеннің механизмі бүге-шігесіне дейін жазылған. Елімізге қолайлы технологияны ұсынып отырған төрт компания жайлы мәліметтерді де осы жерден білсе болады. Ал шорт-парақтағы төрт мемлекеттің қайсысына таңдауымыздың түсетінін алдағы уақытта жүргізілетін келісімдер нәтижесі көрсетеді. Қазақстандықтардың алдында тұрған қазіргі қадам  6 қазан күні өткізілетін референдумда өз таңдауын жасау.

Гүлмира Мұрсалова, ҚР Энергетика министрлігі департамент директорының орынбасары:

Энергия тапшылығы Оңтүстік Қазақстанда бар. Солтүстік Қазақстанда бірыңғай электр жүйесі арқылы электрэнергия Оңтүстік жаққа таратылады. Негізі Оңтүстік Қазақстан жақта энергия тапшылығы бар. Сол себептен АЭС салуға Оңтүстік Қазақстан ең ыңғайлы. 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.