{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Әзірге 13 алтын, 3 күміс пен 7 қола жүлдеміз бар

Жаңалықтар - V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Әзірге 13 алтын, 3 күміс пен 7 қола жүлдеміз бар

09.09.2024

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстан ұлттық құрамасына сәтті басталды. Қазақстан командасы спорттың он түрінен сайысқа түсіп, жеке дара және топтық сында алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Қазіргі уақытта қоржынымызда 13 алтын, 3 күміс пен 7 қола медаль бар. «Қазанат» ипподромы мен этноауыл маңында ұйымдастырылған дүбірлі жарыстарға КТК тілшісі барып қайтты.

Жарыс күні көпшілік тағатсыздана күткен көкпардан басталды. Жалпы ептілік пен күштілікті қажет ететін спорт түрінен тоғыз мемлекеттің спортшылары өзара бақ сынасады. Барлығы 104 спортшы қатысуға ниет білдірген. Алғашқы болып жарыс алаңына Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары шығып, біінші кезең 8:0 есебімен біздің пайдамызға шешілсе, екінші кезеңде де алаң иелері ала шапанды ағайыннан бір бас жоғары екенін көрсетті.

Матч аяқталғанына да бірер секунд болды. Қазақстан құрамасы мен Өзбекстан құрамасы бұған дейін сегіз рет кездескен. Соның алтауында ұлттық құраманың мерейі үстем болған. Бүгінгі ойында Қазақстан құрамасы айқын басымдылықпен 16:0 есебімен жеңіске жетіп отыр. Жеңістің арқасында құрама сапындағы ойыншылардың қанжығасы молынан майланып, қатарынан салым салғандардың өз-өзіне деген сенімі артқаны анық.

Құрманбек Тұрғанбек, Көкпардан ұлттық құрама капитаны:

Бірінші ойын. Аттарымызды тактикалық жүйеге үйреттік. Өзбек ағайындар да осал емес. Палуандардің жерден ілуі күшті екен. Басты қарсылас айыр қалпақты ағайындар, Қырғызстан Республикасы. Алла қаласа, өз алаңымызда, өз жерімізде бар күшімізді саламыз. Неге бұл жерге дайындалып келгенімізді білеміз. Артымызда 20 млн халық тұрғанын білеміз. Өзімізге сенім артылғанын білеміз. Бұйырса, сол сенімді ақтаймыз деген ойдамыз.

Көкпаршылардың келесі сындағы қарсыласы Түркия құрамасы. Сондай-ақ бүгін қырғыздың жауынгерлік ат спорты өнері саналатын Көк бөріден де іріктеу ойыны өтті. Онда да еліміздің білекті де, жүректі жігіттері қарсыласы АҚШ командасын 18:0 есебімен ойсырата ұтты.

Дәстүрлі садақ атудан түріктің пут нысанасы бойынша ерлер мен әйелдер арасында үздіктер іріктелді. Бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы сапынан 10 мерген ел намысын қорғайды. Оның төртеуі нәзік жанды ару.

Ажар Төлеуханова, Садақ атудан ұлттық құрама мүшесі:

 Барымызды салдық. Ертең қалқан нысанасы, өзіміздің төл нысанамыз. Үшінші күні жамбы, төртінші күні команда жамбысы. Бұйырса, бәріне қатысамыз.

Жарыс нәтижесі бойынша бұл сында ерлер арасында Қасымхан Қанат қола, Жәнібек Құлмырзаев алтын және әйелдер арасында Айкөркем Батихан қола медальға ие болды.

Алдағы күндері дәстүрлі садақ ату жарыстарының үш түрі бойынша кіл мықтылар анықталады. Жалпы бұл бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысуда. Кешелі бері этноауыл алаңында ат үстіндегі дәстүрлі садақ ату сайыстары өткізіліп жатыр. Күні кеше мажар стилі бойынша Франция құрамасы жеңімпаз атанып, Қазақстан үздік ондықтан табылған.

Елдос Бадашев, Жамбы атудан ұлттық құраманың бас бапкері:

 Мажарстан стилі бізге сәл ыңғайсыз стиль. Біздікі бесінші, алтыншы, сегізінші, оныншы орын болып қалды, ондықтың ішінде. Қалған стильдерде жеңіске жетеміз деп ойлаймыз. Бұл жерде де тартысты болып жатыр. Қарсыластар өте мықты. Француздар Еуропа чемпиондары, екі дүркін. Моңғолиядан да өңкей чемпиондар келген.

Бүгін жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақстандық спортшылар жеңіп алды. Жарыс нәтижесі бойынша Батыр Бексауыт алтын жүлдеге ие болды. Күміс медальді Айтбек Сарыбай еншілесе, қола жүлдені Ералхан Айкөз иеленді.

Алда әлі түрік пен дәстүрлі қазақ стилі жамбы ату бар. Бұл сында да мергендеріміздің оғы нысанадан дәл табылады деген сенімдеміз.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.