{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Алматы: Жол ережесін сақтамаған БМВ жүргізушісі төрт адамды зардап шектірді

Жаңалықтар - Алматы: Жол ережесін сақтамаған БМВ жүргізушісі төрт адамды зардап шектірді

19.09.2024

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Ереже білмеген жүргізушінің кесірінен төрт адам зардап шекті.  Алматының қақ ортасында БМВ тізгіндеген әйел жантүршігерлік апатқа себепкер болды. Жаяу жүргіншілер жолағымен қаннен-қаперсіз өтіп бара жатқан адамдар көліктің астында қалған.

Басты көшемен келе жатқан көлікке жол бермей, жүйткіп келе жатқан Lexus-қа барып ұрылады. Қатты соққыдан ақ кроссовер алдымен жол белгісін бұзып өтіп, іле-шала жаяу жүргіншілерді қағады. Көлік қаққан үш адам ауруханаға жеткізілді. Жол апатынан Lexus тізгініндегі ер адам да зардап шеккен. Жол апатының мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

- Уәлиханов пен Сәтбаев көшелерінің қиылында BMW және Lexus маркалы автокөлік соқтығысып, нәтижесінде Lexus екпінімен жол белгісін, сонымен қатар жүргіншілерді қағып кеткен. Жарақат алған жүргіншілер ауруханаға жеткізілді. Медеу ауданы полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде