{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Павлодарда колледж студенті мұғалімнің арқасына пышақ салды

Жаңалықтар - Павлодарда колледж студенті мұғалімнің арқасына пышақ салды

19.09.2024

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Павлодарда 17 жастағы студент тапа-тал түсте мұғалімін пышақтап тастады. Оқиға колледжден тысқары жерде болған. Жасөспірімнің мұндай қатыгез әрекетке баруына екеуара кикілжің себеп болуы мүмкін дейді куәгерлер.

Андрей Донец, колледж студенті:

Естуімше, бала сүйіктісімен жанжалдасқан. Жастардың ұрыс-керісін көрген мұғалім не болғанын сұрамақ болып жақындаған екен. Бірақ ол мұғалімге ашуланып, арқасына пышақ салыпты. Студентпен таныс емеспін, бірақ мұғалімді жақсы білемін. Мейірімді, ақкөңіл адам.

Ұстазына пышақ сілтеген студентті полицейлер іле-шала қамауға алыпты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ал шәкіртінің қолынан жараланған 30 жастағы мұғалімнің қазіргі жағдайы тұрақты. Дегенмен денсаулығы қалпына келгенге дейін ауруханада емделеді дейді ақ халаттылар.

Ерлан Жағыпаров,  Павлодар №1 ауруханасы шұғыл хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

Пышақ жарақатын алған 30 жастағы науқас ауруханаға кеше сағат 16:30 шамасында жеткізілді. Оң жақ белінде жара болды. Пышақ денесіне терең кіргенімен, маңызды мүшелері зақымдалмаған. Қазір ауруханада жатыр, дәрігерлердің жіті бақылауында.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде