{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Семейде аспалы көпірдің асфальты үш айға жетпей үгітіліп жатыр

Жаңалықтар - Семейде аспалы көпірдің асфальты үш айға жетпей үгітіліп жатыр

19.09.2024

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Семейде қайта жөңдеуден өткен аспалы көпірдің сапасы сын көтермейді. Жаңа төселген асфальт үш айға жетпей үгітіліп жатыр. Жергілікті тұрғындар жөңдеу жүргізген мердігер мекемеге әкімдік тарапынан бақылау болмады деп наразы.

Роллан Машпиев:

Мына әкімшілік техникалық шарт берді ме? Оны бастан-аяқ қадағалау керек. Қай жерден асфальт алып жатыр, қандай технологиямен алып жатыр? Ол технология көпірге алып келген кезде сараптамаға жіберіліп, тексерілуі керек болған. Оның бәрі істелмеген. Актіге қол қойылған.

Ертістің екі бетін жалғап тұрған аспалы көпірді жазда жөндеген. Шұрық-шұрығын жамап қалпына келтіруге 100 миллион теңге жұмсалған. Алайда тендерді жеңіп алған мердігердің жұмысы көптің көңілін көншітпеді. Себебі жұмысшылардың шайырды шелекке салып газ балонның күшімен ерітіп құйған видеосы әлуметтік желіде тарап кеткен болатын. Сол сәтте тұрғындар сапасыз салынған асфальттың ұзаққа шыдамайтынын айтқан. Енді жауапты мамандар бюджеттен бөлінген 60 миллион теңгенін желге ұшқанын мойындап отыр. Тіпті әкімдікте «мердігер мекемені сотқа бердік» деп ақталып отыр.

Ерік Шағанов, Семей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

Жалпыаралық акті қабылданғанда, 60 млн. теңге игерілді. Соның сапасыздығына байланысты мердігер ұйымды сотқа бердік. Қазір қалада жол жөндеу бойынша келісімшартпен «Семей жолдары» жұмыс атқарып жатыр.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде