Жаңалықтар
Портрет недели
Артур Платонов
Байланыс
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Ақмола облысы: 42-ші разьезд тұрғындары көп жыл жол азабын тартып келеді
08.11.2024
Дүйсенбі-жұма, 19:30
Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05
Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!
"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.
Бұл мәселеде:
Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты 42-ші разьезд аталатын ауыл тұрғындары көп жылдан бері жол азабын тартып келеді. Қазірдің өзінде толарсақтан саз кешіп, балшыққа белшесінен батқан жұрттың жанайқайын еститін жан жоқ. Мектебі мен медицина пункті жоқ ауыл 30 шақырымдағы Астанаға қатынауға мәжбүр. Жол жоқтығынан кейде бала-шағасымен басын қауіпке тігіп темір жолдың бойымен жүруге де тура келеді. Тауқымет көрген жұрттың мұңын КТК тілшісі тыңдап қайтты.
Разьезд деген аты болмаса, 110 тұрғыны бар шағын ауыл. Бір жағынан — теміржол, екінші жағынан Есіл өзені ағады. Бұл елді мекенге жету үшін қияметтің қыл көпірінен өту керек. Ауылға кіретін де, шығатын да бір ғана жол бар. Оның да сиқы жаман. Белуардан саз кешіп барып, әупірімдеп шықсаң шығасың, әйтпесе, кері қайтады екен.
Төлеген Сәдуақасов:
— Мен қалаға ауруханаға бара жатып батып қалдым. Қатты ауырамын. Екпе алуым керек. Міне, бүгін бара алмай қалдым. Әкімдер жоқ, қарамайды. Құр отыр. Қысқасы, мүлдем жұмыс істемейді, ешқайсысы.
Гүлжиян Исағұлова:
— Ешкімге керек емеспіз. Жол жоқ. Астананың іргесінде тұрамыз! Баламыз сабаққа бармай қалатын кез де болады. Автобус жоқ. Жол шұңқыр, нашар болғандықтан автобус жүрмейді.
Ауылда мектеп болмаған соң, балалар көрші Жалтыркөл ауылына барып оқиды екен. Ал миы шығып езілген жолды айналып өту үшін тұрғындар теміржолды пайдаланады. Жаяу-жалпы теміржол ұстімен кейде тоқтап тұрған пойыздың астынан өтуге тура келеді. Бірақ жылда жыр болған жолды жөндеуге асығып отырған жан жоқ.
Әр жерде үйіліп жатқан қиыршық тасты маңайдағы зауыттардан әкелген. Бірақ бұл езілген он шақырым жолдың жұмырына жұғын болмайды, дейді тұрғындар. Ал ауыл әкімі «қолдан келер қайран жоқ» деп отыр.
Тілшілер келген соң, жол үстінде аяқ астынан арнайы техника пайда болды. Әлгі зауыттардың берген қиыршық тасын төсеген болып жатыр. Бірақ одан да пайда болмайтын сияқты. Өйткені әкімнің өзі «подтопляемый ауыл» деп тұр.
Тыныштық Қыдырбаева, Елтоқ ауыл округінің әкімі:
— Бұл жерді мердігер ары қарай алмады. Өйткені суға кететін аймақ болғаннан кейін. Көрдіңіз ғой, суға кетуге бейім. Сол жер суға кететін аймақ деп айтылады сол жер. Есілдің жағасында. Халық өзі біледі, 42-ші разьезд суға кететін аймақ ретінде.
Ауыл әкімінің айтуынша, тұрғындарды жол азабынан құтқару үшін талай рет Аршалы ауданы әкімдігіне тапсырыс берген. Бірақ бәрібір суға кетеді деді ме, бюджетте ақша жоқ депті.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Убитых женщин нашли на съемной квартире в Таразе
Двойное убийство шокировало один из спальных районов Тараза. Там в квартире девятиэтажки с признаками насильственной ...
Пассажиров двух автобусов эвакуировали с трассы в Карагандинской области
В Карагандинской области устраняют последствия урагана, который бушевал в регионе два дня. Сильный ветер поднимал ...
Санкнижки и другие медицинские документы переведут в цифровой формат
Органы здравоохранения больше не будут выдавать санитарные книжки в их привычном – бумажном – виде. ...
Абайские животноводы в постоянном стрессе из-за скотокрадов
В Абайской области сельчане жалуются на скотокрадов. Жители Жарминского района говорят, с их пастбищ стали ...
Эксперты оценили возможность Трампа закончить конфронтацию между Россией и Украиной
Дональд Трамп постарается поставить точку в российско-украинском конфликте. Правда, уйдет на это не один день, ...
В Японском море затонул корабль: есть погибшие и пропавшие без вести
В Японском море затонуло южнокорейское рыболовное судно. Последний раз его видели в 24 километрах от ...
Израильских болельщиков избили после матча в Амстердаме
В Амстердаме произошла потасовка между футбольными фанатами из Израиля и местными жителями. Как минимум 10 ...
Казахстан стал одним из самых желанных направлений для туризма
Казахстан попал в список самых привлекательных маршрутов для туристов. Наша страна оказалась в пятерке лидеров. ...
На что потратят 525 миллиардов тенге, возвращенных государству
525 миллиардов тенге из числа возвращенных государству активов потратят на социальные проекты. Такое решение сегодня ...