{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Алматыдағы хайуанаттар бағында жаңа кешендер салынады

Жаңалықтар - Алматыдағы хайуанаттар бағында жаңа кешендер салынады

08.11.2024

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Алматыдағы хайуанаттар бағы алдағы қысқа қамданып жатыр! Қазірдің өзінде 350 түрлі жануардың жартысы жылы әрі жайлы орынға орналастырылған. Мамандар қысы-жазы далада жүретіндердің қорегін де дайындап қойған. Ал келер жылы салынатын жаңа кешен келушілерді қуантпақ. Зообақ қызметкерлерінің сөзінше, нысан бірнеше аймаққа, яғни жануарлардың мекеніне қарай бөлінетін болады.

Алматы зообағындағы жануарлардың тең жартысы қыс алдында жылы қорасына көшірілді. Биыл күз мезгілі жылы болып, хайуанаттардың көбі осы күнге дейін сыртта тұрған.

Ең алғаш болып жылы «үйге» маймылдар жіберілген. «Приматтар суықты көтере алмайды» - дейді мамандар. Мұнда маймылдардың сегіз түрінен 47 басы бар. Ширақ жануарға жататындар суықта көп қимылдамайды. Сондықтан мамандар қыста сүтқоректілердің азығына барынша дәруменге бай жеміс-жидек қосуға тырысады. Оның ішінде мандарин, анар, жүзім, банан, йогурт пен түрлі сусын бар. 

Шолпан Әбдібекова, Алматы зообағы приматтар бөлімінің меңгерушісі:

Негізінде күн сәулесін көп алғанды жақсы көреміз. Оның бәрі бізде витамин. Түнгі температура 10 градустан төмендегенде ішке кіргіземіз, қысқы тұрағына. Биыл 25 қазанда ішке кіргіздік. Былтыр одан ерте кірген.

Маймылдардан бөлек, қысқы қораларға піл, керік, зебра мен мүйізтұмсықтар көшірілді. Дегенмен кейбірі қыста да күншуаққа шығып тұрады. Ал төрт мезгілде де далада жүретін жолбарыс, қасқыр мен аю сынды жыртқыштарға қосымша тағам қарастырылған.  

Юлия Дудкина, Алматы зообағы ғылым бөлімінің қызметкері:

Аюлар мен жолбарыстардың ауласында өз үйшігі бар. Қалауынша жүре алады. Жалпы Алматының қысы жануарларымызға қолайлы. Өйткені қыста қатты аяз болмайды. Мәселен, бұғы қысқы ауа температурасын жақсы көреді.

Алматы хайуанаттар бағындағы жануарларға арналған қоршаулардың дені өткен ғасырда салынған. Ең жаңасы осыдан 21 жыл бұрын керіктерге беріліпті. Сондықтан мамандар қоршауларды қайта жөндеуден өткізбек.

Ақжәми Рахимова, Алматы зообағы даму бөлімінің меңгерушісі:

Жануарларымызға жақсы жағдай жасағымыз келеді. Сол үшін бастап кеттік. Аюларға жаңа қоршау соқтық. Тоғанды жөндедік. Келесі кезекте піл, сусиырдың жағдайын жақсартамыз. Сол үшін бізде кешен салынайын деп жатыр. «Африка саваннасы» және «Арктика».

Мамандардың сөзінше мұнда тағы бірнеше экспозиция салынбақ. Мысалы, елімізде кездесетін жануарларды келушілер «Қазақ даласынан» көрсе, табиғатта сирек кездесетін ерекше хайуандарды «Мадагаскар» бұрышынан көре алады.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде