{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Ұлттық банк үкі бейнеленген виртуал цифрлық инвест тиын шығарды

Жаңалықтар - Ұлттық банк үкі бейнеленген виртуал цифрлық инвест тиын шығарды

15.11.2024

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Бүгін Ұлттық валютамыз төл теңгеміздің қолданысқа енген күні. Осыған орай Ұлттық банк қазақ ерекше қастерлейтін үкі құсы бейнеленген виртуалды цифрлық инвест тиынды басып шығарды. Жаңа қаржылық номинал келер жылдан бастап қолданыста болады.

Монетаның жай-жапсарын айқындап көрсететін роликті бүгін еліміздің басты қаржылық ұйымы жариялады. Номиналы 100 теңгелік бұл ақша көшпенділердің ғибадат жануарлары - тотемдері коллекциясы негізінде шығарылған. Қазақстан теңге сарайының дерегінше, тазартылған алтын құймасынан соғылған тиындардың саны бір жарым мыңға жеткен. Мобильдік қосымша арқылы мұндай валютаның сандық нұсқасын сатып алған азаматтар, қолданыстағы тиынның жиырмадан бір бөлшегінің иесі атанады. Осылайша қажет цифрлық нұсқаның барлығын жиған қазақстандық таза алтыннан тұратын тиынға қол жеткізеді. 

Әлия Рәбілбаева, ҚР Ұлттық банкінің департамент сарапшысы:

Жалпы біздің монеталарымыз инвестициялық және коллекциялық монеталармен танымал. Біздің монеталарымыз халықаралық көрмелерде, байқауларда бір емес бірнеше рет ең әдемі монета ретінде танылған. Қазіргі заманда технологиялар дамып келе жатыр. Сондықтан Қазақстан теңге сарайы өз өнімдерін заман талабына сай ілгерілетіп жатыр.

Дәл 31 жыл бұрын 15 қараша күні ұлттық валютамыз жарыққа шықты. Барлық орталық телеарналардан бір теңгеден басталатын қағаз банкноталардың түпнұсқасы көрсетілді. Алтыннан қымбат төл теңгеміз сол кездері Ұлыбританияда басып шығарылып, ағылшын жерінен Қазақстанға тасымалдау үшін он шақты  рейс жасау қажет болған. Сол кездері айырбастау пунктерінде бір теңге шамамен 500 кеңес сомына татыды.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде