Жаңалықтар
Портрет недели
Артур Платонов
Байланыс
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Алматыда тепловоз автобусқа соғылып, алты жолаушы зардап шекті
26.11.2024
Дүйсенбі-жұма, 19:30
Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05
Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!
"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.
Бұл мәселеде:
Алматының қақ ортасында тепловоз автобусқа соғылды. Қоғамдық көліктегі алты жолаушы зардап шеккен. 80-нен асқан қарияның жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Тапа-тал түсте қаланың ортасында автобусқа жаншылған локомотив жеке компанияға тиесілі екен.
«Шойын жол да жекеменшік» деген "Қазақстан темір жолы" бұл оқиғаға «еш қатысымыз жоқ» дейді. Ал куәгерлер мен автобус жолаушылары жүргізуші тепловоздың дабылына мән бермегенін айтады. Полиция 88-ші бағыттағы автобус жүргізушісінің жол ережесін бұзғанын растап отыр. Іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
Жол апаты Әуезов пен Гоголь көшелерінің қиылысында болған. 88-ші бағыттағы автобус Гоголь көшесінің бойымен келе жатқан тепловозбен соқтығысқан. Қаланың қақ ортасында отарба қайдан жүр демеңіз, дәл осы жерде теміржол тұйығы бар. Яғни тепловоздар үнемі әрі-бері жүк тасиды.
Соққының қатты болғаны сонша, автобустың бір жағы жапырылып қалған. Көз алдында тепловоз қаққан қоғамдық көлік жолаушылары шошынып қалған.
Гүлнәр Сүйінбай, автобус жолаушысы:
— Автобуста отырдым. Бір уақытта мына жерге таяп қалған кезде тепловоз келе жатты. Жүргізуші жол бермей жүре берді. Локомотив тоқтай алмайды ғой. Сонда да мына есікке ұрып, мен тұрып үлгердім, сонда да құладым, бәрі құлады. Қорқынышты болды. Есімізден айырыла жаздадық.
Автобустағы адамдарды шығаруға сол маңдағы дүкен жұмысшылары ұмтылған. Жедел жәрдем шақыртқан да солар екен.
Әмір Гановизи:
Иә, бір мезетте қатты дыбыс естідім. Жолдың арғы бетіне шығып ағамды шақырдым. Ол да көрші тұрады. Сосын мында зардап шеккен қыздарға көмектестік. Мында қарт кісілер де болды. Барлығын сыртқа шығарып, 103- ке хабарластым.
Зардап шеккен алты жолаушы қаладағы ауруханаларға жеткізілген. Ақ халаттылар, әсіресе 80-нен асқан кейуананың жағдайы орташа ауыр деп түсіндірді.
Ләйлә Иманғалиева, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
— Жапа шеккен 80 жастағы бір науқас оң жақ қабырғалары сынығы, білек сүйегі сынған. Шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланады. Бес науқасқа да зертхана зерттеулері жүргізіліп, мамандардың тексеруінен кейін шұғыл ауруханаға жатқызу белгілері анықталған жоқ. Олар тұрғылықты жері бойынша бекітілген емханаға, амбулаторлық бақылауға жіберілді.
Полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісі жол ережесін бұзған көрінеді. Қазір олар оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеуді бастап кетті.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
— Қоғамдық көліктің жүргізушісі жол жүру ережелерінің бірқатар өрескел бұзғаннан жол-көлік оқиғасына әкеп соқтырды. Мән-жайы тергеуде анықталады. Сараптамалар тағайындалды.
Қоғамдық көлік пен тепловоз тізгіндеген жүргізушілер полицияда жауап беріп жатыр. №88 бағыттағы автобус жеке тасымалдаушыға тиесілі . Сол сияқты тепловоз да «Жолашар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншігінде екенін «Қазақстан темір жолы» компаниясы мәлімдеді.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
«Суперстрашного, я думаю, не произошло» – глава Нацбанка о курсе доллара
Председатель Национального банка страны сегодня признался, что пережил не самые приятные эмоции от осознания стоимости ...
С какими цифрами «американец» подходит к концу рабочей недели
В обменных пунктах к этой минуте за один доллар просят 519 тенге 70 тиынов. Евро ...
В Алматы вынесли приговор виновнице смертельного ДТП с участием автобуса и кроссовера
Алматинка, по вине которой случилась смертельная авария с автобусом, получила тюремный срок. Но за решетку ...
В 2025-м выплаты детям станут больше – Нацфонд
Размеры детских выплат из Национального фонда должны увеличиться в следующем году. Такими прогнозами поделились сегодня ...
Кызылординскую общественницу обвиняют в присвоении более 55 миллионов тенге
В Кызылординской области поймали общественницу, которая разбогатела, скрывая нарушения по детской программе «Даму бала». Женщина ...
В Астане полиция ведет расследование по факту изнасилования девушки
Полицейского обвинили в изнасиловании девушки в Астане. В столичном департаменте подтвердили задержание сотрудника, но уточнили, ...
Поддельные 5-тысячные купюры обнаружили казахстанцы в обращении
Казахстанцы столкнулись с сомнительными банкнотами номиналом 5000 тенге. В интернете появились видео о том, что ...
КазАК: сделаем все возможное, чтобы вернуть наши треки на площадки
Казахстанская музыка должна вернуться в Instagram и Facebook. По крайней мере, в этом уверены в ...
Работники и работодатели могут высказаться друг о друге на портале трудовых ресурсов
Подпортить репутацию несносному начальству теперь официально можно в Казахстане. Возможность оценить по пятибалльной шкале своего ...