Жаңалықтар
Портрет недели
Артур Платонов
Байланыс
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Қарағанды облысы: Жалдаған көлікке қарызға мал алған күдікті ұсталды
03.12.2024
Дүйсенбі-жұма, 19:30
Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05
Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!
"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.
Бұл мәселеде:
Қарағанды облысында елдің малын алаяқтық жолмен қолды қылған күдікті ұсталды. Жергілікті тұрғын Астанадан көліктерді жалға алып, Қарағандыға әкеліп, ауыл тұрғындарынан малдарын қарызға алып, кепілге әлгі көліктерін беріп кетіп отырған. Осылайша ол 15 бас ірі қараны етке өткізіп жіберіпті.
Малын өткізіп ақшасын ала алмаған он адамнан Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне арыз түскен. Күдіктіні полиция Қарағандыда туыстарының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұстады.
Полиция бөліміне малын қолды қылған Тасауыл тұрғындары күнде келеді. Күдікті де осында. Малды қымбатқа алып, кепілге көлік қойғанға алданғандарын енді білді.
Марияш Тишибаева:
— Бишара адамдай қасымызда тұрды, аяп кеттім. Сосын 300 мың дегенде келістік, таң талдым. Оның алдында тағы біреулер келген, 200 мыңға, енді ойлап тұрмын, 200-ге бере салу керек еді. Моральдық-материалдық тұрғыда жапа шектік. Кәрі кісіміз. Ол аздай, өз қолымызбен апарып бердік.
Тергеу мәліметінше, алғашында күдікті бір үйден малды қолма-қол ақшаға сатып әкеткен. Сенімге кірген соң, кепілге көлік қалдырып, қарызға жаппай мал ала бастаған.
Әйгерім Сүндет, тергеуші:
— Ауыл тұрғындары Жақыпбекованың ақшасын бергенін біледі. Ол «менен 980 мың алған, қайтадан қойып берген» деп отыр. Одан кейін елдерге хабарлама таратады. Күдіктінің сұрауы бойынша. Сосын жұрт келіп малын сатады. Одан кейін ол қайтып бермеген. Қазір он адам зардап шеккені белгілі.
Күдікті тергеу кезінде түсініктеме бермепті. Тағылған айыптармен келіспейді. Айтуынша, сүттен ақ, судан таза, әрекеті азаматтық іс ретінде қаралуы керек.
Данияр Жаңбырбаев, күдікті:
— Мені әріптесім алдап кетті. Ақшаны да сол алды. Менде ештеңе жоқ. Ол мені ұрып-соғып, қамап ұстады. Елдің ақшасын қайтарып беретін едім. Мал алған адамдарға қолхат жазып бергенмін. Сондықтан бұл алаяқтық емес, азаматтық құқықтық жағдайда шешілу керек. Мен ешқайда қашқан жоқпын. Туысымның үйінде болдым.
Ал полиция Данияр Жаңбырбаевты туысының үйінде жүктің арасында тығылып жатқан жерінен ұстаған. Жалға алған көлікті кепілге қойғаны аздай, екі жаққа да ақша бермеген. Елге қарызы 4 миллион теңгеден асады.
Мәселен, мына көлікті сонау 250 шақырым жердегі Астанадан айдаладағы Тасауылға айдалып әкелген. Оны иелері көліктегі датчик арқылы тауып келді. Қазір бұл көлік заттай айғақ ретінде Ғабиден Мұстафин аулының полиция бөлімінде тұр.
Ауыл жұрты алданғанын көлікті жалға бергендер дүниесін іздеп келгенде ғана біліп қана арыз жазған. Полиция екі көлікті қолхатпен иесіне қайтарады. Астанадан күдікті жалға алып кеткен тағы бір көлік әлі табылмай жатыр.
Айта кету керек, күдікті бұрын да алаяқтық жасағаны үшін істі болып, 7 жыл түрмеде отырып шыққан көрінеді. Онда да біреудің қымбат көлігін басқаға сатып жіберген.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
В Алматы парня насмерть придавил грузовой лифт
Гибель 21-летнего парня расследуют в Алматы. Трагедия произошла на территории частного склада. Молодого человека придавил ...
Сдерживать цены на социальное жилье пообещали в Кабмине
Подорожает ли недвижимость из-за роста курса доллара, рассказали сегодня в правительстве. Министр промышленности и строительства ...
Тенге укрепился к доллару и евро
Казахстанцы сегодня продолжали пристально следить за курсом валют. Особенно за долларом. В течение дня он ...
В Шымкенте за хищение госсредств осудили чиновников и коммунальщиков
В Шымкенте осудили сразу семерых чиновников и работников коммунального предприятия. Они попались на хищении и ...
100 ям для будущих могил напугали жителей Кокшетау
Кладбищенский скандал разгорелся в Кокшетау. Там похоронщики заблаговременно позаботились о будущих покойниках и… вырыли могилы ...
О массовом отстреле собак в Косшы высказался аким Акмолинской области
Груду трупов собак в канаве на окраине города Косшы близ Астаны прокомментировал аким Акмолинской области. ...
Убили собаку, ставшую звездой Казнета во время паводков
В Атырауской области погибла собака, которая стала настоящим талисманом волонтеров во время паводков. Пшон, так ...
Чужие авто за скот: мужчину подозревают в создании необычной схемы мошенничества
В Карагандинской области задержали мужчину, которого подозревают в создании необычной схемы мошенничества. Житель областного центра ...
Сбор денег в школах на новогодние утренники запрещен, напомнили в Минпросвете
Без денежных сборов и лишних трат. Министр просвещения высказался о проведении школьных торжеств в преддверии ...