{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - 2024 жылдың соңында әлемде бірнеше әуе апаты болды

Жаңалықтар - 2024 жылдың соңында әлемде бірнеше әуе апаты болды

30.12.2024

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

2024 жылдың аяқталуына жақындағанда әлемде бірнеше әуе апаты болды. Бір тәулікте үш жолаушы ұшағы құлады, апатты жағдайда қонды. Оңтүстік Кореяда әуе кемесі қона берген сәтте дөңгелегі шықпай қалып, бетон қоршауға соғылған. Ұшақ сол мезетте отқа оранып, ішіндегі 179 адам ажал құшты. Қайғылы оқиғадан кейін жергілікті билік бір апта аза тұту күнін жариялады.

Оңтүстік Кореядағы трагедия қазір бүкіл әлем назарында. Boeing 737–800 лайнері Тайландтан ұшып шығып, Сеул маңындағы Муан әуежайына қонуы керек еді. Бірақ әуе кемесі жолаққа дөңгелегімен емес, темірімен түсіп, сырғанаған күйі қоршауға соғылған.

179 адамның өмірі сол мезетте қиылды. Тірі қалған тек екі адам. Періштесі қағып аман қалған жолаушы мен экипаждың бір мүшесі ұшақтың ең артында отырған екен. Қайтыс болғандардың тек екеуі Тайланд азаматы. Қалған 173-і корейліктер. Әзірге мамандар апатқа екі себеп келтіріп отыр. Бірі әуеде соқтығысқан құстардың кесірінен десе, екіншісі қолайсыз ауа райы.

Ал Канадада болған оқиғада жолаушылар іштен түсіріп алған видеода ұшақтың бір қанаты лаулап жанып бара жатқанын көруге болады. Атлант мұхитының үстінен ұшып келген әуе кемесі әуежайға қона берген сәтте, дөңгелегі сыртқа шықпай қалған. Жерге соғылған сол жақ қанатынан өрт шығыпты. Абырой болғанда жолаушылардың бәрін дер кезінде шығарып үлгерген.

Стив Махар, жолаушы:

Бір сәтте ұшақтың қанаты жерге ұрылғанын сездім. Бір жақ дөңгелегі мүлде шықпай қалды. Біз солға қарай құлдилап жүріп бара жаттық. Содан кейін от шықты.

Норвегияның астанасы Осло қаласынан Амстердамға бағыт алған ұшақ та діттеген жеріне сол күйі жете алмады. Көкке көтерілген сәтте ақау шығып, жақын маңдағы әуежайға қонуға мәжбүр болды. Оның өзінде де жолақтан шығып кетіп әрең тоқтаған. Ешкім зардап шекпеген.

Ақтаудағы, Кореядағы трагедиядан кейін ел-жұрт ұшақтың артқы жағына отыруды жөн санап жүр. Онысы бекер емес. Соңғы әуе апаттарынан тірі қалғандардың басым бөлігі сол құйрық бөлігінде отырғандар. Алайда «ұшақтың артқы жағы ғана қауіпсіз» дегенмен сарапшылар келіспейді.

Әнуар Даянов, SCAT әуекомпаниясы ұшу қызметінің директоры:

Егер ұшақ ұзын болса, апат кезінде ортасынан бөлініп кетуі мүмкін. Ондай кезде қауіпсіздік белбеуін тағып, арт жағында отырған жолаушылар аман қалады. Ал ұшақ көкке көтеріле берген сәтте қозғалтқышы істен шықса, әуе кемесі жер бетіне құйрық бөлігімен соқтығысады. Ондай кезде ұшақтың алдыңғы бөлігінде отырғандар тірі қалады. Сондықтан адамның аман қалуы ұшақтың жер бетіне қалай соғылғанына байланысты.

«Ұшақтың артқы жағына отырсам, аман қаламын» деген пікір, сонымен қате болды. Себебі, апаттың неден келіп, немен аяқталатынын болжай алмайсың. Түптеп келгенде, қанша жерден сақтанып, орын таңдап отырудан пайда жоқ. Бастысы, қауіпсіздік шараларын сақтап, бортсеріктің айтқанын істеу дейді сарапшылар.

Айта кетейік, негізінде, ең қауіпсіз көлік түрі әуе кемесі болып саналады.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

31 желтоқсан

Қазір эфирде