{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - «Көлікті бес минуттан артық қыздырсаң — айыппұл». Депутаттар заң нормасына қарсы шықты

Жаңалықтар - «Көлікті бес минуттан артық қыздырсаң — айыппұл». Депутаттар заң нормасына қарсы шықты

15.01.2025

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

«Көлікті бес минуттан артық қыздырсаң, айыппұл арқалайсың» деген нормаға депутаттар да қарсы шықты. Мәжілісмендер кезінде өз әріптестері мақұлдап енгізген норманы алып тастау қажет деп санайды.

Ақжолдықтардың атынан депутат сауалын жолдаған Серік Ерубаев қысы алты айға созылатын солтүстік өңірлерде көлікті жылытуға бес минут аз екенін тәптіштеп, мысалмен түсіндірді. Қисынсыз айыппұлдар, түптеп келгенде, кәсіпкерлер мен қарапайым көлік жүргізушілерінің қалтасын қағады. Климат жағдайына алаңдаған Үкімет бұл мәселені шешуде басқа баламалы жолдарды ұсынуы керек дейді. Негізі ел арасында енді қызу талқыланғанымен, заң жаңа емес. Көлікті бес минуттан артық уақыт оталдырғандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жаза бұрыннан қарастырылған. Айыппұл шамамен 20 мың теңге. Тек мұндай жаза азаматтардан шағым түскен кезде және арнайы бейнежазбамен расталған жағдайда ғана қолданылады.

Серік Ерубаев Мәжіліс депутаты:

Мысалы, үйдің жанындағы дүкендерге көліктерден тауар тиеу және түсіру, әдетте бес минуттан көп уақыт алады. Ал -20 градуста қозғалқышты өшіріп қою қисынсыз немесе балаларды мектеп, балабақшадан алған кезде суық салонға қалай отырғызасыз? Жалпы орталық және солтүстік аймақтарда қатты аяз болғанда машинаны жылытуға бес минуттан көп уақыт кететіні айдан-анық.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде