Жаңалықтар
Портрет недели
Артур Платонов
Байланыс
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Қасым-Жомарт Тоқаев: Орынсыз шығынды қысқартып, аяғымызды тартып басуымыз керек
28.01.2025
Дүйсенбі-жұма, 19:30
Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05
Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!
"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.
Бұл мәселеде:
Қосымша құн салығы 12-ден 20 пайызға көтерілуі мүмкін. Президенттің қатысуымен өткен бүгінгі кеңейтілген отырыста премьер-министр Олжас Бектенов есебін Қазақстанда салықтың бұл түрі «әлемдегі ең төменгі мөлшердің бірі» деп бастады. Салық көтерілген жағдайда, Үкімет түрлі жеңілдіктер жасап, еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайтуға дайын.
Мемлекет басшысы жаңа салық реформасын қолдады. Премьер-министр мен бірқатар әкімдердің есебін тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктерге де "алмақтың да салмағы бар" екенін ескертті. Бұған дейін мемлекет триллиондап көмек жасаса, ендігі кезек сол банктерде.
Жыл басталғалы Үкімет үйінде президент бастап, Министрлер кабинеті мен әкім-қаралар қоштаған алғашқы бірлескен отырыс өтті. Сол жағалауда таңнан бері қыбыр-қыбыр тіршілік. Жиынды ашқан мемлекет басшысы әріге шегініп, былтыр біраз экономикалық қиындықты еңсергенімізді еске салды. Десе де ол реформа атаулы қабылданғанымен, бизнестің инвестиция белсендігі тым төмен.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
— Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңде көрінеді. Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды қысқартып, аяғымызды тартып басуымыз керек.
Бір жыл бұрын қызметіне кіріскенде премьер Олжас Бектеновтің «мәселенің сәнінен гөрі, мәніне баса назар аударып, «нақты іспен айналысамын» деп, президентке берген уәдесі есте. Бүгін ол жылдық есебінде біраз тірліктің басын қайырды. 29 зауыт салынған. 26 млн тоннадан астам астық жиналған. Десе де экономикамызда жетістікті айтып тұрып, аһ ұратын сәттер көп. Бюджетте тапшылық бар. Ал оны толтырудың жолы қосымша құн салығын көтеру деп шешіпті Үкімет.
Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі:
— Негізгі салықтық жүктеме еңбекақы қорының үлесіне тиеді, яғни өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Тауар сөреге түспей жатып-ақ, кәсіпкер салықтардың басым бөлігін төлеуге мәжбүр болады. Үкімет еңбекақы қорына түсетін жүктемені төмендетіп, оны сату процесіне ауыстыруды ұсынады. Бұл үшін қосымша құн салығын көтеріп, әлеуметтік салықты және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы төлемдерін азайту қажет.
Қосымша құн салығын нақты қанша пайызға көтеру жөнінде Үкімет бір тоқтамға келген жоқ. Ең жоғары шек 20 пайызға бірден көтеру әлі талқылауда. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің сөзінше, қосымша құн салығының мәні бұған дейін оңбай бұрмаланып келген. Үкімет мүшелері салықтың өсуі азық-түлік бағасына, тұрмыс-тіршілікке айтарлықтай әсер етпейді деген сенімде.
Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрі:
— 1995 жылдан 2009 жылға дейін мөлшерлеме 20 пайыздан 12 пайызға төмендетілді. Бұл шаралар салық және инвестиция климатын жақсартуға бағытталды. Біраз уақыт салық жеңілдіктері берілді, бюджтке түсім азайды. Енді теңестіру керекпіз бұл салық түрін. Ал оның өсуі күнделікті тұтынып жүрген тауарлар, әрі кетсе, шамамен 5-6 пайызға қымбаттайды деген болжам жасап отырмыз.
Қыс түссе болды, елді елеңдететін мәселе - жылу станцияларындағы апаттар. Президент мұның елімізге абырой әпермейтінін айтты. Бұған дейін Министрлер кабинеті бюджетке салмақ салып, қала берді жергілікті әкімдіктерді тартып, энергетикалық-коммуналдық саладағы дағдарысты еңсерген. Тек қайта-қайта қаптың бетін аша беру қисынға келмейді. Сондықтан мемлекет басшысы тариф саясатын қайта қарау қажет деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
— Энергетикалық және коммуналдық нысандардың жұмысын жаңа стандарттарға жедел түрде көшіру керек. Үкімет жаңа тариф саясатын жүзеге асыруды жалғастыруға тиіс. Тарифтер нарық талаптарына сай болмаса, электр энергиясымен, жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкін емес.
Қасым-Жомарт Тоқаев тоқталған тағы бір мәселе — әлеуметтік желіде арандатушылық бағытта текке сөйлегендерді жауапқа тарту. Бұл ескертпе депутаттарға да қатысты. Елді мазақтап, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қойғыштармен де әңгіме басқаша өрбімек. Бұдан бөлек, екінші деңгейлі банктердің "құлағына алтын сырға" — қаржы институттарының мұқым елге көмек беретін кезі келгені айтылды. Банк ресурсы үкіметтік бағдарламаларға, ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысына тартылмақ.
Президент жалпы алғанда өткен жылға "жаман емес" деген баға берді. Десе де ел экономикасын әртараптандыру міндеті тиісті деңгейде орындалмай отыр. Экономика ұлттық қордың қаржысына әлі күнге дейін тәуелді. Сондықтан Тоқаев көрпеге қарай көсіліп, әр тиынды үнемдеп жұмсайтын кез келгенін тағы бір еске салды. Мемлекеттік қызметкерлерге де батыл әрекет етіп, орталыққа телмірмеу керек кезде өздігінше шешім қабылдауға тапсырма берді. Бұл ретте "Антикор ізіме түседі-ау" деген қауіпті ысырып қою керек.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
На сколько может подорожать бензин, рассказал министр энергетики
Завесу тайны – на сколько подорожает бензин в Казахстане с февраля – сегодня приоткрыл министр ...
По делу Шерзата Болата проходят 11 подозреваемых
В резонансном деле об убийстве Шерзата Болата фигурируют 11 подозреваемых. О том, на какой стадии ...
Какие выводы сделали в Мажилисе после выступления президента и заявлений министров
Признавались в собственных проступках и винили в ошибках других. Депутаты Мажилиса, обдумав за ночь вчерашние ...
«Доказывал, что не симулирует»: в Караганде, не получив медпомощи, умер мальчик
В Караганде 13-летний школьник умер после лечения от простуды. Родные утверждают, что подростку поставили неверный ...
Ночью жителей Тараза переполошил аноним, сообщивший о бомбе
В Таразе жители сразу нескольких районов потеряли покой минувшей ночью. Над ними нависла угроза взрыва. ...
Задержанный на границе казахстанский картофель перемерз и испортился
Скандал разгорается в Туркестанской области. Там у предпринимателей прямо в вагонах замерз и начал гнить ...
Воздух в Алматы можно увидеть, попробовать и подержать в руках – депутат
Носить маски и ограничить пребывание на улице посоветовали алматинцам. Экологию крупнейшего города страны сегодня обсуждали ...
40 человек погибли в давке на религиозном фестивале
Массовая давка произошла на религиозном фестивале в Индии. По последним данным, погибли 40 человек. Еще ...
Китайский Новый год с размахом отмечают в разных странах
В Восточной Азии сегодня начали отмечать китайский Новый год. В Китае он считается одним из ...