{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - АЭС жоспардағыдан ертерек пайдалануға берілуі мүмкін

Жаңалықтар - АЭС жоспардағыдан ертерек пайдалануға берілуі мүмкін

28.01.2025

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Атом электр станциясы жоспардағыдан ертерек пайдалануға берілуі мүмкін. Құрылысты жүргізетін тарапқа жұмысты жеделдету мәселесін қойып жатырмыз дейді энергетика министрі. Негізі жоспар бойынша 2035 жылы іске қосылатын болған.

Дегенмен консорциум құрамы әлі нақыталанбапты. Мұнымен ведомствоаралық комиссия айналысып жатыр. Үкімет мұнымен ғана емес, екінші АЭС-пен тезірек айналысуы тиіс. Бүгінгі кеңейтілген отырыста Президент бірінші атом электр станциясының құрылысын жеделдетіп, екіншін салынатын орынды анықтауды тапсырды. Ол үшін тағы референдум өткізудің қажеті жоқ. Заңға сәйкес, бұл АЭС Үкімет шешімімен салынады дейді Алмасадам Сәтқалиев. Екінші АЭС салынатын орын энергия тапшылығы көбірек өңірлерде, жан-жақты сараптамадан кейін белгілі болмақ. Ал біріншісі Алматы облысында салынады деп жоспарланған.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

Аталған потенциалды толық жүзеге асыру үшін бірнеше АЭС салуымыз керек. Бүгін біз екінші атом электр станциясы құрылысы үшін қажет алаңды анықтау жайында тапсырма алдық. Әрине, нысан салынатын орынды өңірдегі электр желілері шоғырлану жағдайына, энергия таратудағы мүмкіндігіне қарай таңдаймыз.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.