{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Алматы: Әділдік іздеген экс-полицей мұнараға шығып наразылық білдірді

Жаңалықтар - Алматы: Әділдік іздеген экс-полицей мұнараға шығып наразылық білдірді

28.01.2025

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Алматыда экс-полицей биік мұнараға шығып, наразылық білдірді. Сегіз жылдан бері қандай бұйрықты бұзғаны үшін жұмыстан қуылғанын біле алмай жүрген подполковник осыдан басқа амалы қалмағанын айтады. Жанайқайын басшылығына жеткізу үшін Дәрмен Шыныбеков жоғары кернеулі тоқтың бағанасында бір сағаттай отырып, төменге өз еркімен түсті. Оның талабы – жұмыстан негізсіз қуылғанын дәлелдеп, қызметіне қайта оралу. Сот шешімінде полицей қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босатылғаны көрсетіліпті.

«Экс-полицеймін» деген ер адам жоғары кернеулі тоқ бағанасына тапа-тал түсте шығып алған. Ішкі істер органдарынан кетсе де, үстінен бушлатты тастамапты. Ол бұл әрекетімен жедел жәрдем, полицейлер мен құтқарушыларды аяғынан тік тұрғызды. Дәрмен Шыныбеков дәл осындай жолмен жанайқайын жеткізбек болыпты. Ол бағананың басында бір сағаттай отырды. Кейін төменге өз еркімен түсті. Ал құтқарушылар оны баспалдақпен күтіп алды.

Наразылығын білдірген Дәрмен Шыныбековтың айтуынша, ол қатардағы қызметкер емес, білдей бөлім бастығының орынбасары болған. Подполковник шеніне жеткенде жұмыстан заңсыз қуылғанын айтады. «Содан бері шындық үшін шырылдап келемін» - дейді ер адам.

Дәрмен Шыныбеков, экс-полицей:

Жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар бар ғой, соның түбіртектерін алғанмын. Оның ақшасы бюджетке түспей қалды. Оған менің не кінәм бар сонда?! Үш сот өтті. Үш соттың шешімінде менің кінәм туралы бір дәлел жоқ. Менде жазбаша теріске шығару құжаты бар. Дәлелдей алам, заңсыз жұмыстан шығарғанын. Сегіз жыл болды, жете алмай жүрмін, не министрге, не Жоғарғы сотқа.

Ол жол ережесін бұзғандардан айыппұл түбіртегін алған тұста бюджетке 618 мың теңге түспей қалған. Подполковниктің қызметінен қуылуына осы жағдай түрткі болыпты. Алайда ол жалған түбіртектер туралы білмегенін айтады. Сондықтан сол сәтте жүргізілген қызмет тексерісін қарауды сұрайды әрі нақты қандай бұйрық негізінде жұмыстан қуылғанын білгісі келеді. Сол құжатқа қол жеткізу үшін сотқа дейін шағымданған. Бірақ оның өтініші кері қайтарылыпты.

Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты:

Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Шыныбековтің полиция департаменті мемлекеттік мекемесіне қатысты талап-арызын қарады. Ол жауапкерден өзін ішкі істер органдарынан босатуға негіз болған бұйрықты беруге міндеттеуді сұрады. Шыныбековтің қызметінен босатылуының мән-жайы мен себебі №2 Алмалы аудандық сотының 2017 жылғы 25 қыркүйектегі бұрын заңды күшіне енген шешімімен белгіленгені анықталды. Осындай мән-жайлар бойынша талап-арыз кері қайтарылды.

Сот шешіміне сәйкес, Дәрмен Шыныбеков қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін жұмыстан қуылған. Бірақ ешқандай бұйрықты бұзбағанын алға тартқан подполковник жұмыстан әділетсіз шығарылғанын дәлелдеп, қызметіне қайта оралуды қалайды.

Айта кетейік, ол былтыр да дәл осылай мұнараға шығып, қоғам назарын өзіне аударған болатын.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.