{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Алматы: Жаңа туған сәбиін үйдің кіреберісіне тастап кеткен

Жаңалықтар - Алматы: Жаңа туған сәбиін үйдің кіреберісіне тастап кеткен

30.01.2025

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Алматыда тасбауыр ана жаңа туған сәбиін екіқабатты үйдің кіреберісіне тастап кеткен. Жерде шырылдап жатқан шақалақты көрген тұрғындар абдырап қалған. Дүние есігін енді ашқан қыз баланы тұрғындар бүгін түскі уақытта байқапты. Бөбекті үйдің екінші қабатына тастап кеткен. Жылап жатқан сәбиді тұрғындар дереу жылы жерге кіргізіп, жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. Қазір нәресте ауруханада жатыр. Ал бейкүнә баласынан бас тартып, қараусыз тастап кеткен көкек-ана іздестіріліп жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

Жаңа туған қызды Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары тауып алды. Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасының жеке басын және істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде