{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Астана: «Күн» субұрқағына қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты

Жаңалықтар - Астана: «Күн» субұрқағына қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты

31.01.2025

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Астанада Есіл өзеніне орнатылған «Күн» субұрқағына қатысты атышулы іс бойынша үкім кесілді. Аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген қалалық Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов айыпты деп танылып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Оған өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынып, барлық наградасы кері қайтарылады. Сот Мажағұловқа үкім шығару кезінде кәмелетке толмаған балаларының барын ескеріп, жазаны жеңілдеткенін атап өтті.

Ал экс-шенеунікпен бірге сотқа тартылған мердігер құрылыс компаниясының басшысы 3 жыл 6 айын түрмеде өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Болат Мажағұлов «Сенiп тапсырылған мүлiктi аса ірі мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша айыпталған. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол Астана күні мерекесінде іске қосылу керек болған «Күн» субұрқағына бөлінген бір миллиардты жымқырған. Нақтырақ айтсақ, тергеуде нысан құрылысы мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмей, тікелей келісімшарттар жасалғаны және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынғаны анықталыпты. Небәрі бір жыл ғана қала тұрғындарын қуантқан нысан сапасыз құрылыс материалдарынан салынғандықтан, 2019 жылы жарамсыз болып қалады. Былтыр Астана әкімі Жеңіс Қасымбек субұрқақты қалпына келтіру қымбатқа түсетіндіктен, оның бұзылатынын айтқан болатын.

Әсел Мұқышева, Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы:

Сот Мажағұлов Болат Бауыржанұлын ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырады. Өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдық қызмет атқаруына тыйым салады.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде