Жаңалықтар
Портрет недели
Артур Платонов
Байланыс
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Серік Жұманғарин ҚҚС өсірудің бюджетке тиімді тұстарын айтып берді
11.02.2025
Дүйсенбі-жұма, 19:30
Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05
Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!
"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.
Бұл мәселеде:
Қосымша құн салығының көтерілуі инфляцияның өсуіне әкелуі мүмкін, бірақ бұл уақытша құбылыс болады деп отыр ұлттық экономика министрі. Айтуынша, инфляция үш пайыздан аспайды әрі жағдай бір жылда реттеледі. Осылай деген Серік Жұманғарин қосымша құн салығын 12-ден 16 пайызға дейін өсірудің бюджетке тиімді тұстарын жіпке тізді.
Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрі:
– Қосымша құн салығы мөлшерлемесін 16 пайызға дейін көтеру бюджеттің тұрақсыз мұнай кірістеріне тәуелділігін азайтады. Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтеді. Маңызды мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Үкімет «16-10-0» деген сараланған қосымша құн салығын ұсынып отыр. Яғни жеңілдігі жоқ бизнестегілер 16 пайыз төлеуге тиіс. Бұл ретте ұлттық экономика министрлігі салық салынатын төменгі шекті азайту қажет деп санайды. Яғни осыған дейін қосымша құн салығын қаржы айналымы 78 миллион теңгеден асатын кәсіпкерлер ғана төлеуге міндетті болды. Бірақ олардың көбі төлемнен жалтарып, ірі кәсіптерін бөліп тастап отырған дейді шенеуніктер. Сөйтіп қаржы айналымын 78 миллионға жеткізбей ұстайды екен.
Енді Үкімет қосымша құн салығын төлеудің төменгі шегін 15 миллион теңге дейін түсіруді көздейді. Ал 10 пайыз қосымша құн салығын денсаулық сақтау саласы үшін бекітпек. Нөл, яғни қосымша құн салығынан босату — ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жасалған жеңілдік. Ұлттық экономика министрлігі салықтың осындай сараланған түрін енгізу бюджетке түсімді жыл сайын 4-5 триллион теңгеге арттырады деп есептеп те қойыпты.
Серік Жұманғарин, Ұлттық экономика министрі:
— Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қосымша құн салығынан босатамыз. Қазір де шаруа қожалықтары бұл төлемді жүргізбейді. Осы жеңілдік сақталады. Ал, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар белгіленген қосымша құн салығының 30 пайызын ғана төлеп келді. Бұдан былай олар да төлемнен түбегейлі босатылады. Бұл қадам Қазақстанда өндірілген картоп, қызанақ, пияз, қырыққабат сынды өнімдерді бәсекеге қабілетті етеді.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
16, 10 и 0 процентов: новые ставки НДС обсуждают в правительстве
Сегодня в правительстве выдвинули новые идеи реформирования налоговой системы. От некоторых старых Кабмин всё же ...
Публикацию о голодовке осужденного экс-министра культуры прокомментировали в ДУИС
«Объявляю голодовку до лишения себя жизни». Пост с таким текстом появился на странице осужденного экс-министра ...
В СКО ищут создателей порноканала с фотографиями детей
В Петропавловске ищут создателей скандального порноканала. Его контент шокировал город. В популярном мессенджере выставляли непристойные ...
Массовое отравление детей в Мангистау: виновные заплатят штрафы
Массовое отравление детей в Мангистауской области обернулось штрафами для нескольких сотрудников пищеблока. Оказалось, что свои ...
Сын слесаря, погибшего в колодце, не верит заключению комиссии
Житель Актюбинской области подал в суд на инспекторов по труду. Прошлым летом мужчина потерял отца. ...
Токсичные отходы из онкоцентра нашли в алматинской роще
Разорванный пакет с токсичными медицинскими отходами нашли в алматинской роще Баума. Химикаты были разбросаны на ...
Бизнес-джет известного музыканта столкнулся с другим самолетом
Новое авиационное происшествие в США. В аэропорту Аризоны столкнулись два частных самолета. Сообщается, что на ...
55 человек погибли после падения автобуса с моста в реку
Смертельная авария в Гватемале. Переполненный автобус рухнул с моста в овраг. По последним данным, погибли ...
В детсаду, где готовили кашу с насекомыми, нашли склад, кишащий жуками
В детсаду, где готовили детям кашу с насекомыми, крупы хранились в антисанитарных условиях. После громкого ...