{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - «16 пайыз». Үкімет құрған жұмыс тобы салықты талқылау үшін өңірлерге аттанды

Жаңалықтар - «16 пайыз». Үкімет құрған жұмыс тобы салықты талқылау үшін өңірлерге аттанды

11.02.2025

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Қосымша құн салығын өсіруге қатысты ел арасында пікірталас қызды, әсіресе кәсіп иелерінің арасында. Өткен аптада ғана Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке мәселені тағы да пысықтауды тапсырған. Салық реформасын талқылау бойынша алты жұмыс тобы құрылды. Олар бүгіннен бастап өңірлерде бизнес қауымдастықтармен кездесу ұйымдастырып, нақты ұсыныстарын тыңдап қайтпақ.

Қосымша құн салығын бірден 20 пайыз көтеру бизнесті тұралатады. Салық туралы әңгіме басталғалы, кәсіп иелерінің айтып жүргені де осы. Мәселен,Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы қосымша құн салығын өсірмес бұрын, барлық салада реформа жасау керек деп санайды. Бес мың кәсіпкер мүшесі бар ұйым өз ұсыныстарын Үкіметке жолдаған. Жауап та көп күттірген жоқ. Бизнес өкілдерінің арыз-шағымы президентке дейін жетіп, Мемлекет басшысы өткен аптада олармен кездескен кезде Үкіметке салық жайын қайта пысықтауды тапсырған болатын.

Еркежан Қалмақбаева Бәсекелестікті зерттеу орталығы директорының орынбасары:

Мемлекет пен бизнес арасындағы ара қатынасты бірегейлендіру, оны цифрлық форматқа көшіру және цифрлық эко жүйе құру. Бұл бір терезе қағидаты бойынша кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шараларына толық қол жеткізуге мүмкіндік алу міндеті. Сондықтан да бүгінде бұл бағытта көп жұмыс атқарылып жатыр.

Жаңа салық реформасы арқасында бюджетке түсім жылына 4-5 триллион теңгеге жетеді деп, бүгін ғана ұлттық экономика министрі айтты. Бұл қаражат Ұлттық қорға тәуелділікті азайтуға, инвестиция жобаларын несиелеуге сеп болады дейді шенеуніктер. Ал бизнес қауымдастық ұлттық экономика министрінің бүгінгі жаңа ұсынысы 16 пайыз мөлшерлемесіне келіскендей.

Сәкен Қарин, «Атамекен»Ұлттық палатасы, шағын және орта бизнес комитетінің төрағасы:

Ұсыныстар айтылып қойды, яғни ҚҚС негізгі мөлшерлемесі 16 пайыз болады, сондай-ақ 10 пайызы қарастырылып жатыр. Бүгінде бар нөл мөлшерлеме сақталады. Сондай-ақ ҚҚС-тан кейбір салық төлеуші топтарын, атап айтқанда, отандық ауыл шаруашылық өнімдерін сатушыларды толық босату ұсынылды.

Салық мөлшерінің, бастапқыда айтылғандай, 20 емес, 16 пайызға тоқтағанын кәсіпкерлер жақсы жаңалыққа балап отыр. 

Ал Үкімет жанынан құрылған алты жұмыс тобы бүгінгі 16 пайыз қосымша құн салығына қатысты ұсынысты талқылау үшін ел аралауға аттанды. Олар жергілікті жерлердегі бизнес өкілдерімен ғана емес, тұрғылықты халықпен де кездесіп пікір алмаспақ. Егер бұл ұсыныстар қолдау тауып жатса, құн салығы, аз да болса, төмендейтін сияқты.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде