{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Жаңалықтар - Балғынбек Имашевтың ұлы тергеуде — Qazaq travel 50 адамды қажылықтан қалдырған

09.04.2025

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Алматыда айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұған қажылыққа ұша алмаған туристердің шағымы себеп болған. Данияр Имашев жолдама сатқан Qazaq travel компаниясының атқарушы директоры көрінеді. 50-ден аса адам Мекке мен Мәдинаға ұша алмай сан соғып қалдық деп отыр. Яғни рейске бір күн қалғанда, не билет, не қонақ үй алынбағаны белгілі болған.

Осы сәтте қасиетті мекенде жүруі тиіс болған туристер қазір полиция басқармасын айналшықтап жүр. Себебі, жолдама сатқан Qazaq travel компаниясы 50-ден аса адамды жолдан қалдырған әрі бұл туралы рейске бір күн қалғанда ғана мәлімдепті.

Медина Жарылғапова:

Тоғызы күні ұшатын рейсімізде еш адам ұшқан жоқ. Не халыққа шығып үндеу айтқан жоқ. Билеттің бағасы өсіп кетті-ау, осындай болып қалды-ау деген үндеу болған жоқ. Бізге ешқандай дәлел жібермеді. Билет төленді деп те көрсеткен жоқ. Отельге ақша төленді дегенді де көрсеткен жоқ.

Әрқайсысы жолдамаға шамамен 500 мың теңгеден төлеген. Ал құлшылық жасауға асыққан туристерді сан соқтырған компанияның директоры танымал айтыскердің ұлы болып шықты.

Жаннұр Жөкетай:

Компанияның директоры Имашев Данияр деген жігіт екен. Үш күннің ішінде ақшаны қайтарып береміз деген уәде беріп жатыр. Ол уәдесіне сенбей тұрмыз.

Қасиетті мекенге жете алмағандар қазір бірінен соң бірі полицияға шағым түсіріп жатыр.

Ал атышулы компанияның кеңсесі жабық тұр. Ішінде тірі жан жоқ. Десе де «алдандық» деген жұрт бұлардың әлеуметтік желілерде әлі де қажылық турын сатып жатқанын айтып отыр. Осы мәселе бойынша полиция алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғаған. Үш күдікті тергеуге алынды. Олардың қатарында Данияр Имашев та бар. Жұрттың қажылықтан қалу себебін сұрағанымызда, ол бүгін үнсіз қалды. Есесіне, туындаған қиындықтың себебін оның әкесі түсіндіріп берген. Балғынбек Имашев әуе билеттерінің де, қонақүй бағасының да қымбаттап кеткенін айтады әрі мұнда ешқандай алаяқтық жоқ деп сендіріпті.

Балғынбек Имашев, айтыскер ақын:

Көп адамдар акциямен алған. Арзан бағада алды. Қазір баға қымбаттап жатыр. Қымбат билет алынып жатыр. Ұшақ бағасы, қонақ үй қымбат болып жатыр. Сол себепті құрылтайшылар өз қалтасынан қосып, қаржы салып, қызметте болуға талпынып жатыр. 

Умраға ұша алмағандардың бар талабы  төленген қаражатты қайтару. Сондай-ақ Qazaq travel-ге өзге мұсылмандар алданбаса дейді.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде