{metadescription}
«Мемлекет басшысы»
90-шы жылдар есіңізде ме? ХХ ғасырдың 90-жылдар өзге одақтас республикалар сияқты Қазақстан үшін де бетбұрысты кезең болды. Осы кезде іштей сөгіліп тұрған кеңестік жүйе өмір сүруін тоқтатты. Сөйтіп, тұйықталған қоғам келмеске кетті, ашық қоғамға бет бұрдық, демократиялық бастамалар жаңғырды. Жетпіс жыл бойы санамызды жаулап алған жоспарлы экономикадан бас тарттық, әлемдік тәжірибеге сүйендік, инвестор-мемлекеттермен келісімге келдік, жекешелендіру процесін бастап кеттік, ұлттық валюта - теңгемізді шығардық. Қазір бұл процестер де тарих қойнауына енді. Енді оны тарихи тұрғыдан ой елегінен өткізіп көрейік...